» БАБАЛАР ОРЫНДАЛДЫ АРМАНДАРЫҢ

БАБАЛАР ОРЫНДАЛДЫ АРМАНДАРЫҢ

Сарғайған ашып тарих парақтарын,
Мұң басып, ойға шомып, сан ақтардым.
Көтерген қанша зұлмат, нәубеттерді,
Әкімшіл солақай заң талаптарын.
Атамекен туған жер, ғажап атың,
Қасиетті бойтұмардай саналатын.
Найза ұшымен қорғаған әр сүйемін,
Қастерлеп баба көзі аманатын.
Өркендетпек мақсатпен өндірісті,
Сталин бастап кетті ол бір істі.
Санаспай көшпелі ел талабымен,
Бір сұмдық болатынын ел білісті.
Ашаршылық жайлады қазағымды,
Сұрқиялық ластап таза арыңды.
Халықты күштеп жатты ұжымдас деп,
Тәркілеумен тарқатты базарыңды.
Мал-мүлкін тартып алып жағалылар,
Зұлымдықпен шайқасты саналылар.
Тоз-тоз боп босып кетті елден безіп,
Орын таппай туған жер табанынан.
Зарлы үн, елім-айлап құлақтағы,
Бұл нәубет қазақ үшін сынақ бәрі.
Атамекен жерінен орын таппай,
Қанша жұрт шекара асып жырақтады.
Қалың сор жанын қарып азаптады,
Зор зұлмат тарих тағдыр қазақтағы.
Қанша жыл өтсе-дағы қуғын-сүргін,
Ұмытылмас кеңестің азаптары.
Халық жауы атанып жақсыларым,
Құлап жатты мезгілсіз бақ шынарың.
Жазықсыз жаламенен құрбан болған,
Жас ұрпақ бабаңды еске ап жақ шырағын.
Бүгінде Тәуелсіз ел жанған бағың,
Бабалар орындалды армандарың.
Өссін ұрпақ Отанын, елін сүйер,
Татулық пен бірліктің таңдар бағын.
Зарипа ЖАППАРҚЫЗЫ
---
31 мамыр 2026 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930