» » 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу кеші

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу кеші

Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу кеші болып өтті.
Еске алу кеші тақырыпқа сай бейнефильммен басталып, алғашқы сөз кезегі ауылдық округ әкімінің бас маманы Б.Байбарақовқа берілді. Одан кейін кеш қонақтары 1944 жылы Кавказдан жер аударылып келген, депортацияға ұшыраған түрік ұлтының өкілі, нағыз көзі тірі куә Мардиев Мурадин аға өткен тарихтан естелік әңгімелерін, қазақ халқының қамқорлығын айтып, сол кездегі нәубет енді қайталанбасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп өз батасын берді.
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С. Мұхтаров, әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Тоғаева, аудандық мәслихат депутаты Д.Байрахтарова, зейнеткер, түрік ұлтының өкілі Р.Даврушевтар сөз алып, бүгінгі күн өткен тарих деп қортындылады.
31 мамыр 2024 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031