» » Қуғын-сүргін құрбандары – ел жадында

Қуғын-сүргін құрбандары – ел жадында

Тарих тағылымы. Жүректен өшпейтін із. 31 мамыр – ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың сызын тартқан қаншама боздақ өмірімен қоштасты. Балалар жетім, әйелдер жесір қалды. Алаштың ардақтылары жазықсыз жапа шегіп, көршілес елге жер аударылды.
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі ауданға қарасты Жаңажол ауылдық округінде өтті. Оған аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, қоғамдық ұйым жетекшілері, ардагерлер, мекеме басшылары және жастар қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар аудан өнерпаздарының тақырыптық қойылымын тамашалап, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ ел ағалары қазақ хал­қы­ның сан түрлі соқтықпалы, соқпақты кезеңнен өтіп, бүгінгі күнге жеткені, сталиндік репрессия кезінде қазақтың бас­шылық қызметтегі азаматтары, қоғам қайраткерлері, ең таңдаулы ақын-жазушылары қаза тапқаны жөнінде әңгімеледі.
«Жастар тарихты білулері керек. Қазақтың мың өліп, мың тірілгенін білу керек. Бүгінгі ашық аспан астында, бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында екенін білулері тиіс деп ойлаймын. Сондықтан сол зұлмат заманда өмірден өткен боздақтарды еске алу қазіргі және келер ұрпақтың басты міндеті» дейді олар. Расында да осындай күні өмірден өткен азаматтарды еске алу – біздің басты борышымыз. Енді бұл күндер тек тарих қойнауында. Десе де, келер ұрпақ та мұны жадынан шығармаулары керек. Өйткені «өткенін білмеген, ертеңін білмейді» деген дана халқымыздың сөзі бар.
Бүгінгі ұрпақ үшін жанын пида еткен азаматтарымыз ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың ерлігі – ел есінде. Іс-шараға жиналған қауым рухани сусындап, тарих қойнауын тағы бір парақтап қайтты.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
06 маусым 2022 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031