» Апостиль денегіміз не және оны сотта қалай қолданамыз?

Апостиль денегіміз не және оны сотта қалай қолданамыз?

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың шетелдік қатынастарға жиі түсуі құқықтық құжаттардың халықаралық айналымын жеңілдету мәселесін өзекті етеді. Осы тұрғыда апостиль институты маңызды рөл атқарады. Сот тәжірибиесінде апостиль қойылған құжаттардың заңды күшін тану, оларды дәлелдеме ретінде қабылдау және бағалау мәселелері жиі кездеседі.
Апостиль — 1961 жылғы 5 қазанда қабылданған «Шетелдік ресми құжаттарға қойылатын талаптарды алып тастау туралы» Гаага конвенциясына сәйкес енгізілген арнайы растау белгісі. Оның мақсаты – бір мемлекетте берілген ресми құжаттың екінші мемлекет аумағында заңды түрде қолданылуын жеңілдету.
Апостиль құжаттың мазмұнын емес, оны берген лауазымды тұлғаның қолының түпнұсқалығын, мөрдің немесе штамптың дұрыстығын растайды. Осылайша, ол консулдық легализацияның күрделі рәсімін алмастыратын ықшам әрі тиімді құрал ретінде қызмет етеді.
Сот тәжірибесінде апостиль қойылған құжаттар көбіне дәлелдемелер қатарында қаралады. Мәселен, шетелдік азаматтардың некеге тұруы, бала асырап алу, мұрагерлік, еңбек қатынастары немесе білім туралы құжаттарды тану кезінде апостильдің болуы құжаттың жарамдылығын анықтауда шешуші мәнге ие.
Сонымен қатар, апостильдің болмауы немесе оның дұрыс рәсімделмеуі сотта құжаттың дәлелдемелік күшін төмендетуі немесе мүлдем қабылданбауына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты сот құжаттың апостиль арқылы растау талаптарына сәйкестігін мұқият тексеруге міндетті.
Қазақстан Республикасы 2001 жылы Гаага конвенциясына қосылды. Осыған сәйкес, елімізде апостиль қою құзыреті Әділет министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, білім беру және өзге де уәкілетті органдарға жүктелген. Әр орган өз саласына қатысты ресми құжаттарға апостиль қоюды жүзеге асырады.
Сот тәжірибесінде Қазақстанда апостиль қойылған шетелдік құжаттар, сондай-ақ шетелде апостиль қойылған қазақстандық құжаттар заңда көзделген талаптарға сәйкес келсе, жалпы тәртіппен дәлелдеме ретінде қабылданады.
Апостиль институты — халықаралық құқықтық қатынастарды жеңілдететін маңызды құқықтық тетік. Сот тәжіребиесі көрсеткендей, оның дұрыс қолданылуы сот төрелігінің тиімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді.
Азамат Әбілханұлы Қазкенов,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы

---
29 мамыр 2026 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

29 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 195
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 757

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031