» ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ


«5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күні». Осыған орай бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев төрағалық етіп, белсенді еріктілерге қоғам өміріне қосқан үлесі мен еңбегі үшін өз алғысын білдірді.

-Ауданымызда волонтерлік ұйымдарға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде бұл миссияға әртүрлі жастағы және әртүрлі мамандық иелері өз үлесін қосып, күн сайын мұқтаж адамдарға көмектесіп жүр. Адалдықтың, жанашырлықтың үлгі-өнегесін көрсете отырып, біздің еріктілер ең жақсы гуманистік құндылықтарды насихаттауда. Бұл – қоғам ахуалының жақсаруына ықпал етеді,- деді өз сөзінде.

Шара барысында ауданымыздың белсенді еріктілері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, олардың еңбегі лайықты түрде бағаланды.

Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева да құттықтау сөз сөйлеп, еріктілерге жылы лебіздерін жеткізді.

Іс-шара соңында ауданымыздың белсенді еріктілерінің бірі Бахыткүл Төребаева өз пікірін білдіріп, аудан басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты.

Игілікті істерге ұйытқы болып жүрген азаматтардың мерекесі ауданымызда жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Қоғамның дамуына үлес қосар мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатын табатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

---
06 желтоқсан 2025 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930