» Есірткі жайлы ертегі

Есірткі жайлы ертегі

Ертеде бір зиялы қарттың еріншек немересі болыпты. Өзі жалқау, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргенді жаны сүйеді екен. Оңай олжа қайда болса ол  сонда болады. Ол жігіттің есімі Құттыбек екен. Атасы елге танымал сөзі өткір дана қария кісі еді. Қыста - қыстауға ,жазда - жайлауға көшіп қонып жүрген,  қазақ әулетінің кенже  баласы - Құттыбек ештеңеден таршылық көрмепті, ішкені алдында ішпегені артында. Әулеттегі  еркетотай  тентек  ұлдың бетінен ешкім қақпай бар айтқанын істеп өсіріпті. Анасы үй жағдайында барлық жұмысты  жасайды екен. Таңертеңгілік уақытта ерте оянып сиырларды сауып, сүтін пісіріп, одан қатық жасап, қатықтан құрт жасап қояды екен. Тігін тігіп, құрақ құрап он қолынан өнер тамған шебер кісі болыпты. Әкесі болса аңға шығып арасында құсбегілікпен айналысатын, одан қалды мал бағып, төрт түлігін көбейтіп отырған, төре кісі болған екен. Баршылықта өскен Құттыбек, ешнәрсенің қадірін мәнісін түсіне білмейтін тентектігімен  жұрт көзіне түсіпті.
Ауылда тай құлындай тебісіп өскен достарымен бірге бір күні көкпар ойынын көруге барады. Көкпар ойынын көре отырып, көп суммадағы ақшаға бәс тігеді. Құттыбек бәстен ұтылып қалады да, күйзеліске түсіп кетеді. «Ақшаны қайдан табамын?» «Ата-анам білсе не болады?» - деген ой маза  бермейді. Содан ашуланып бір өзі жолға шығып кетеді. Жолдан қайтып келе жатып, шаршап демалайын деп ағаштың түбінде ойланып отырады. Артынша бір досы келіп онымен сыр шертеді. Барлығын айтып береді. Досы оған  есірткі ұсынады. «Мына есірткінің дәмін татып көрсең, әп-сәтте барлығын ұмытатын боласың барлық уайым-қайғыңнан айырыласың!» - деп айтып  Құттыбекке кеңес береді. Құттыбек  дәмін татып көргісі келіп қабыл алады. Артынша өзін жайсыз сезіне бастайды. Көңіл-күйі өзгеріп құдды басқа адам секілді көрінеді.
Есірткінің уы бойына жайылады. Тәуелділік пайда болып қайта –қайта іздеп сұрай беріп өз-өзін жоғалтып алады. Бұндай халге қалай түсіп кеткенін ата-анасы кеш байқап қалады. Емшіге көрсетіп баласын барынша айықтырып алуға, ата-анасы күш салады. Құттыбек есін жиып, болған жайттың барлығын ата-анасына айтып береді. Істеген ісі үшін қатты ұялатындығын және де өкінетіндігі жайлы айтады. Немересінің өз қателігін түсінгендігін және мойындағандығын көріп атасы баласына  «Оңай жерде нан жоқ, ақшаны адал еңбекпен табу керек, өзгенің еңбегін бағалай білу керек, есірткі ересек адамды ессіз ететін өте қауіпті құрал одан аулақ болу керектігін айтып ақыл кеңесін береді. Құттыбек көп ұзамай өзінің ең үлкен байлығы бақыты денсаулығы мен отбасы екендігін түсінеді. Осы оқиғадан кейін Құттыбек есірткіге енді ешқашан жоламаспын деп ата-анасына уәде береді. Өмірде дұрыс таңдау жасау –болашағыңды ойлау ең маңызды дүниелердің бірі.  Бұл ертегі балаларды тек нашақорлықтан аулақ болуға ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік пен болашақты ойлап әрекет етуге үйретеді.
Әбибуллаева Дана Мухамеджанқызы                                                                
Ү.К.Томанов атындағы №183 орта
 мектебінің 11 «Б» сынып оқушысы
---
10 қаңтар 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 358
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728