» Өнер мектебі – таланттар шеберханасы

Өнер мектебі – таланттар шеберханасы

Қазақ өнерінің қайнар бастауларының бірі  – Сыр өңірінде өнерге деген жауапкершілік жоғары. Киелі сахнада кім болса, соған орын жоқ. Ауданда осыны мақсат тұтқан Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебі елу жылдан астам уақыт елге қызмет етіп келеді. Басты мақсаты – өнерлі жанды өрге сүйреу, таланты бар бүлдіршінді топқа қосу.

Тарихқа көз жүгіртсек, алғашында аудандық балалар әуез мектебі болып құрылған мекеменің іргетасы 1972 жылы қаланған. Мектепке Жүрсін Қаймақбаев, Қаппар Сәденов, Талғат Қуаңбаев секілді білімді мамандар басшылық еткен. 1993 жылы мектепке Сыр сүлейі Тұрымбет жырау Салқынбайұлының 125 жылдық мерейтойына байланысты жырау есімі берілді. 1996 жылдан бастап өнер мектебі жанынан және ауданға қарасты ауылдардан жыр-терме кластары ашылды. Ал 2021 жылы  атауы облыс әкімінің №180 қаулысына сәйкес Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебікоммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Бүгінде мектепке 2019 жылдан бері Дәулет Байғараев басшылық етіп келеді.

Өнер мектебіндедомбыра, қобыз, баян, саксофон, фортепиано, жыр-терме, домбра-прима  кластарыбойынша 42  мұғалім дәріс береді. Оның ішінде осы оқу жылында жоғары санатты – 4 мұғалім, І санатты – 15 мұғалім, ІІ санатты – 13 мұғалім, санатсыз 10 мұғалім қызмет атқарады. 

2022-2023 жылы Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде 413 оқушы  7 мамандық бойынша  дәрісалған. Дәлірек тоқталсақ, домбыра класында – 208 оқушы, баян  класында – 86 оқушы, фортепиано класында – 55 оқушы, домра-прима класынында –  2  оқушы, жыр-терме класында – 40, саксафон класында – 7, қобыз класында – 15 оқушы оқыды.

– Бұл өнер ордасына мен төрт жылдан бері басшылық етемін. Мені шәкірттеріміздің өнерге деген құрметі, қызығушылығы қуантады. Өнер  мектебінің кент орталығынан бөлек, Төретам  кентінде, ІІІ Интернационал  ауылында қосымша бөлімшелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғарауылдарында  жыр-терме  кластарыбар. Мектепте 25 оқушыдан құрылған балалар оркестрі (жетекшісі Жарқынбек Тұрымбетов), 20 оқушыдан құрылған балалар хоры (жетекшісі Азат Ысқақ), 15 мұғалімнен құрылған фольклорлық ансамбль, оқушылардан құрылған баянистер, домбырашылар ансамблі және  25  мұғалімнен құрылған халық аспаптар оркестрі жұмыс жасайды. Өнер мектебінің негізгі мақсаты – балалардың музыкалық сауатын ашу, музыкаға  деген  қызығушылығынарттыру, аспаптарда  ойнауға үйрету  және  ұлттықмузыкалық аспаптарды кеңінен насихаттау. Биылғы оқу жылында 104 оқушы 1-ші класқа қабылданса, жыл аяғында 60 оқушы мектепті бітіріп, куәліктерін алды, – дейді өнер мектебінің директоры Дәулет Байғараев.

Бұл өнер ордасының шәкірттері түрлі деңгейдегі  өнер байқауынан топ жарып, оза шауып жүр. Мәселен, облыстық 55-ші «Жас музыкант» байқауынан баян аспабы бойынша Ерасыл Жұмабеков ІІ орын, Інжу Еркебұлан ІІ орын, Мұса Сабитов ІІІ орын иеленсе, домбыра аспабы бойынша Шыңғыс Алтайұлы І орын алды. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында өткен «Күй табиғаты» атты №1 қалааралық байқауға өнер мектебінен 9 оқушы қатысып, оның ішінде 1 оқушы Бас жүлде, 2 оқушы І орын, 3 оқушы ІІ орын, 1 оқушы ІІІ орын, 2 оқушы Алғыс хатпен марапатталған.

Облыстық Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған балалар музыка және өнер мектептері жас музыканттарыныңарасында ІІ Республикалық «Жас жұлдыз» пианистер байқауынан фортепиано класының оқушысы Нұрғиса Маханбетов «Жас пианист» номинациясын алса, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы, М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Жас таланттар» байқауынан Нұрғиса Маханбетов І орынға, Жасмина Мейірханова ІІ орынға иеленіп, мектеп, аудан мерейін асқақтатты.
– Біз өнер мектебі болғандықтан шәкірттермізді шыңдау мақсатында түрлі жарысқа апарып, бабы мен бағын сынатамыз. Әрі тәжірибе, әрі жетістік. Шәкірт те үлкен сахнаға, байқауға бойын үйретеді. Осы уақытта дейінгі жетістіктерімізді тізбектей беруге болады. Алайда ең бастыларына тоқтала кетсем, Ұлттық домбыра күніне орай «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Күй анасы – Дина» атты байқауда Шыңғыс Алтайұлы І орын, Қуаныш Ардақұлы ІІІ орын және Хамза Исаев  қатысқаны үшін Сертификатқа ие болды.  Облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауында онлайн форматта Шыңғыс Алтайұлы  І орын, Хамза Исаев І орынға ие болып, Алматы қаласына Халықаралық  «Бозторғай» байқауынан  Хамза Исаев  ІІІ орын иеленсе, Шыңғыс Алтайұлы Дипломант атанды. Ақтөбе қаласында өткен VI Халықаралық Владимир Фоменко атындағы үрмелі және соқпалы аспаптар арасында өткен байқаудан саксофон класының оқушылары Жасұлан Төлеген ІІІ орынды қанжығасына байласа, Айзат Абдулла Дипломант иегері атанды. Ал мамыр айында облыстық «Қорқыттан қалған қоңыр үн» байқауында күй номинациясы бойынша 5 оқушымыз жүлделі орындарға ие болса, дәстүрлі ән номинациясынан 2 оқушы орын алды және 1 оқушы Алғыс хатқа ие болды. Осы оқушыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз. Ұстаздар қазіргі таңда шәкірттерін ұлтымыздың салт-дәстүрлерінен, аталы сөз, өнегелі жандардың өсиетімен, ұлт жандылықпен, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа, өнер мен эстетикалық тәлім-тәрбие беруде. Өнер мектебінің ішінде де мерекелік атаулы күндер мен мерейлі мерейтойларға арналған түрлі іс-шаралар өткізілуде, – дейді Дәулет Кәрібайұлы.

Өткен оқу жылында Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде тарлан талант, поэзия бұлбұлы Тұрмағанбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Ширатқан шым жібектен көгені едім»  аудандық жыраулар байқауы, жыр-терме класы бөлімі бойынша «Жастарға өсиет» тақырыбында дөңгелек үстел, «Еңбек еткен мұратқа жеткен» тақырыбындағы тәрбие сағаты, желтоқсанда К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен мерекелік концерті өткізіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Одан бөлек, ақпан айында құндылыққа негізделген білім беру аясында «Адалдық – ардың ісі» тақырыбында апталық, «Ұстаз есімі биік әрі мәңгілік» тақырыбында ақпан айында ҚР Білім беру саласының үздігі Т.Қуаңбаевты еске алу кеші, «Наурыз мейрамы» ұлттық домбыра челленджі өткізілсе, сәуір де облыстық «Дәстүрлі әндерді заманауи нақышта орындаудың тиімділігі мен әдістері» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Апталық «Бабадан қалған ғаламат, терме толғау аманат» атты концертпен басталып, жыр-терме класының мұғалімдерінің ашық сабақтарымен жалғасты.

Мамыр айында өнер мектебінің ардагер ұстазы Рашид Ақназардың зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты «Өнегелі ұстаз – өнерлі шәкірт» тақырыбында іс-шара өткізілсе , Төретам кенті бойынша «Өнерлі өрендер» тақырыбындағы жылдық қорытынды концерт ата-аналарға жағымды көңіл күй сыйлап, олардың ризашылыған бөленді.

Айта кеткен жөн, аудандық өнер мек­тебінің іргетасы 1972 жылы қаланып, осы кезеңге дейін аталған мектепті біршама түлек бітіріп шыққан. Олар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде өнер мен білім секілді салаларда еңбек етіп, ел өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып келеді. Бүлдіршін талантын шыңдап, үлкен өмірден өз орнын тауып, мамандығын нақтылауға сеп болып жүрген таланттар ордасының шығар биігі әлі алда екеніне сеніміміз мол.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
---
12 шілде 2023 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031