» Боқтампаз Әйекеш

Боқтампаз Әйекеш

Қармақшы ауданының қазіргі Тұрмағамбет ауылында (бұрынғы Ленин атындағы кеңшар) ілгеріде Әйекеш деген кісі өтіпті. Бұл әңгімені сол ауылдың адамдары әлі күнге айтып отырады. Әйекешті елден ерекшелейтін бойындағы бір қасиеті – ол өте боқтампаз адам болыпты.
«Марқұм Әйекеш аузын ашпайды, егер аша қалса, салғанан жеті әкеден кетеді. Сонан бір заулайды дейсің…». Кімді не үшін боқтап отырғанын бір құдайымның өзі білсін. Қораға бара жатып сүрініп кетсе желді де ысқырта балағаттайды.
 «Ой, әкеңнің аузын …» деп қаралай қызынып, жанды-жансызысын қосып тұздықтап боқтайды да жүреді екен. Інісінің бұл сорақы әдетінен әбден зәрезап болған ағасы Жолдыбай бір жолы оны ауылдағы дін жолын ұстанған тақуа адам Омар мақсұмға алып барыпты. (Омар мақсұм атақты Алдашбай ахунның ұлы). Ойы – бауырын теріс әдеттен арылту болса керек. Омар мақсұм амандық-саулықтан соң Жалдыбайдан не мақсатпен келгендерін сұрайды. Сол кезде боқтампаз Әйекеш ағасынан бұрын:
– Молда деген әкеңнің аузына емдетеміз деп әкеліп отыр ғой, – деген екен.
– Болды, болды, Жолдыбайжан. Мұның ешқандай емі жоқ. Әйекештің жағымсыз әдетінен ешкімге залалы келмейді. Өйткені оның сөзінің зілі жоқ. Бұл өзі Жаратқанның берген мінезі. Оны өзгерте алмайсың, осылай кетеді, – деп ауылдастарын жылы шығарып салыпты.
Д.АЙБОЛАТҰЛЫ
syrboyi.kz

---
18 қаңтар 2023 ж. 335 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031