» Жемқорлық – қоғам қасіреті

Жемқорлық – қоғам қасіреті

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан – ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлық туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әртүрлі процестердің реттеушісі. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты мақсаты – жемқорлық көріністерін жою болып табылады.
Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлері, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеулерi тиiс.
Аталған Заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықпен және ол үшін жауаптылық шаралары арнаулы тарау тұжырымдалған. Сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылық үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу, алаяқтық әрекеттер, қаржылық пирамидалар құру, заңсыз ойын бизнесін құру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз пайдалану сияқты қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кер іәсерететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кеселін келтіріп отырған осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.
Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықпен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
---
05 желтоқсан 2022 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930