» Мақсұт Нәлібаев: Азаматтардың билікке сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн

Мақсұт Нәлібаев: Азаматтардың билікке сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асырып, Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдыру мақсатын қойды.
Соның ішіндегі екінші бағыт «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін өкілді билік тармағын қайта құру.
Мемлекет басшысы Жолдауда елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажеттігін нақты атап өтті. Бұл бастама мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтып, сөзсіз ел дамуына тың серпін бермек.
Осы тұста азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн.
Мықты мәслихаттар – өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін ел Президенті Мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді ұсынды.
Бұл ретте Мәслихат төрағасымен қатар халықтың сенім мандатына ие болған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму ісіне белсене атсалысып келе жатқан мәслихат депутаттарына да жоғары жауапкершілік жүктеледі.
Өкілді билік тармағын өзгерту жөніндегі бұл жаңашылдықтардың бәрі ықпалды халық қалаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған нақты қадам болмақ.
Бұл өзгерістердің барлығы «AMANAT» партиясының күшімен жүзеге асырылмақ.
«AMANAT» – бұл әділдік партиясы, халықтың пікірін, ұсынысын тыңдайтын және азаматтарымыздың мүддесі үшін әрекет ететін партия.
Осы тұста халықтың сеніміне ие болып, ел үмітін арқалап жүрген «AMANAT» партиясының депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктелмек.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.
Халық қалаулылары тұжырымдамада айтылған негізгі мәселелер бойынша халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында нақты шаралар қабылдауы тиіс.
Бұл тұрғыда облыстық мәслихаттағы фракция мүшелері саяси құжатта айтылған тапсырмалар мен алға қойылған міндеттерді сапалы әрі нәтижелі іске асыруға атсалысуымыз қажет.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің ең басты ерекшелігі – оның әр сөзі, әр қадамы және әрбір ісі арқылы халыққа жақындауға ұмтылуы.
Кешегі Жолдауында да Мемлекет басшысы барлық қойылған міндеттерді барынша қысқа мерзімде орындауды тапсырды.
Сондықтанда аймақтағы барлық партия активі, соның ішінде мәслихаттардағы фракция мүшелері алда тұрған міндеттерді іске асыру бойынша уақыт созбай қарқынды жұмыс жасауымыз керек.
Сонда ғана Президент көздеген реформалардың жемісін Тәуелсіз еліміздің біртұтас халқы көп күттірмей көретін болады.
Мақсұт Нәлібаев,
облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары

---
23 наурыз 2022 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031