» » Дастан Буханов: "Жолдау ел дамуына тың серпін береді"

Дастан Буханов: "Жолдау ел дамуына тың серпін береді"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын бәріміз зор ынтамен тыңдадық!
Жолдауда ең алдымен, жаңа саяси реформаларды тиімді жүргізу үшін ел Тәуелсіздігін сақтау және нығайту қажеттігіне ерекше көңіл бөлінді. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз! Оны көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз!
Қазір әлемде қандай жағдайлар болып жатқанын көріп отырмыз. Жақында ел тұрақтылығына қауіп төндірген «қаңтар оқиғасын» бастан өткердік. Сондықтан, өткен жағдайлардан сабақ ала отырып, ел іргесін нықтап, мемлекетіміздің қуатын арттыруды мақсат тұтқан Президенттің айналасына топтаса білу – ынтымақ, бірлігімізді арттыратыны күмәнсіз.
Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халыққа қызмет ету менің президенттік, әрі перзенттік парызым!» дей отырып, халқымен қашанда бірге болатынын айтып, бірге атқарылар бірқатар нақты мақсаттарды белгіледі.
Атап айтқанда, жаңа саяси реформалардың тұжырымдамалық негіздері, саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары,  Президенттік өкілеттілікке шамадан тыс үстемдік беруден бас тарту, Парламентті күшейту, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету, сайлау процессін жаңғырту, жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарын нығайту, сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау, азаматтық қоғам институттарының және БАҚ-тың рөлін күшейту сияқты қоғамды толғандырып отырған мәселелерге жан-жақты талдау жасап, реформалау бағытындағы маңызды тапсырмаларды нақтылады.
Президенттің ауыл шаруашылығына қатысты қойылған нақты міндеттері ерекше қанаттандырды. Бүгінгі халықаралық тұрақсыздық аясында азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі мәселесінің алға шыққанын мәлімдей отырып, Украинадағы жағдай азық-түлік бағасының күрт көтерілуіне әкелгенін ашық айтып, қиындықты еңсерудің жолдарын көрсетті.
«Баға жақын арада рекорд орнатуы мүмкін. Енді бірінші орынға сапалы түрде егін егу мәселесі шығады. Алайда көптеген фермер, білуімше, егін егуге дайын емес. Үкімет пен әкімдіктер мұны бақылауға алуы тиіс. Жауын-шашынның төмен деңгейі бірқатар өңірлердің  егініне жағымсыз әсер етіп, жем-шөптің азаюына әсер етуі мүмкін. Фермерлік қоғамдастықпен бірге агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдауды қарастыру керек. Тауарлардың дефициті мен азық-түліктің қымбаттауын болдырмау үшін ауыл шаруашылық тауарларын мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық бағада сатып алу мәселесін қарастыру қажет» деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бүкіл агрокешен саласындағы құрылымдарға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Келесі бір мәселе – «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы ретінде айтарым, Ел Президентінің Мәжіліс пен жергілікті сайланбалы органдарға халықтың қатысуын қамтамасыз ету жолындағы жаңалығын ризашылықпен қабылдадық. Осыған дейін тек белгілі бір партия мүшелері өкілді билікке сайланып келсе, енді партияда жоқтар да бұл салаға батыл араласатын болады. Ел арасындағы абыройлы, белсенді, білікті, азаматтарға жол ашылды. Бұл жергілікті мәслихаттардың қызметтік сапасын күшейтері анық. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, Президент пен әкімдердің партия ұйымдарын басқарудан бас тартып, таза экономикалық-әлеуметтік мәселелермен айналысуға күш салу қажеттігін атап көрсеткені уақыт талабына сай келіп тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Мықты мәслихат өзекті мәселелердің шешімін табуда және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып дербестігін қамтамасыз ету үшін  мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Және мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс  әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын» дегені халықтың билікке сенімділігін арттырады. Биліктің өкілді тармағын қайта пішімдеуге арналған бұл ұсыныстар тәуелсіз Қазақстанның болашағын жандандырудың бастапқы қадамдары деп санаймыз.
Мемлекет басшысының жаңа облыстар құру туралы тың ұсынысы да халықтың көңілінен шықты деп айта аламын. Семей аймағында Абай облысын, Жезқазған аймағында Ұлытау облысын және Алматы облысын екіге бөліп, жаңадан Жетісу облысын құру туралы бастамасы ауыл шаруашылығын өркендетуге тың серпін берері сөзсіз.
Президент көтерген осы мәселелердің барлығы да еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын жоғарылатуға, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік, рухани салаларды, білім мен ғылымды өркендетуге жаңаша қарқын қосатынына сеніміміз мол.
Дастан БУХАНОВ,
 «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы
17 наурыз 2022 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031