» Ауылдан алғыс алған аға

Ауылдан алғыс алған аға

АУЫЛҒА КЕЛГЕНДЕГІ ШАРУАМ БІТПЕЙ ОСЫНДА ҚАЛУҒА ТҰРАҚТАДЫМ. МЕНІ ӘКЕЛГЕН КӨЛІКТІҢ ЖҰМЫСЫ ШЫҒЫП, ҚАЛАҒА АСЫҒЫС КЕТТІ. КҮН ЖЕКСЕНБІ БОЛҒАН СОҢ БА ЫЗҒЫҒАН МӘШИНЕЛЕРДІҢ ҚАРАСЫ ДА АЗ. АЛАҢДАҒАН КҮЙІМДІ КӨРГЕН ӘКЕМНІҢ НАҒАШЫСЫ «ӘЙ БАЛА, ЕРТЕҢГІ ЖҰМЫСЫҢА ЖЕТЕ АЛМАЙ ҚАЛАМЫН ДЕП ОТЫРСЫҢ БА? УАЙЫМДАМА, АУЫЛДЫҢ ТАКСИЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСЫП ҚОЙСАҚ, ЕРТЕҢ АЛА КЕТЕДІ. ТІПТІ ЖҰМЫСЫҢА АПАРЫП ТАСТАЙДЫ» ДЕП КӨҢІЛДЕГІ ТҰМАНЫМДЫ СЕЙІЛТТІ ДЕ ТЕЛЕФОНЫН АЛЫП, «СӘКЕ АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ! АЗАНДА ҮЙДЕН ҚОНАҒЫМДЫ ҚАЛАҒА АЛА КЕТСЕҢІЗ» ДЕГЕН КҮЙІ ӘРІ ҚАРАЙ ӨЗ ШАРУАСЫНА КӨШІП ӘҢГІМЕСІН БҰРҚЫРАТТЫ.
Таң атысымен ерте келген такси терезенің тұсынан дабылын үзіп-үзіп бас­ты. Көлікке жайғасқаннан «Мараттың мейманы сен бе? Отыр, кеттік» деп жолға салды. Айтпақшы қалтқысыз қызметімен көптің көңілінен шыға білген Ақтөбе ауылындағы ағамыздың есімі – Сәндібек Омаров.
Сәкеңнің жарқын жүзді, жайдары қалыппен бастаған әңгімесіне біз де ілесіп, жол қысқарсын дегендей сөзге тарттық.
– Такси қызметінде жүргеніме 22 жыл болды. Жалпы көлікке 1979 жылдан бас­тап отырдым. Ұжшардың кезінде су, сүт таситын мәшине айдап, қойшылардың ауылына талай қатынадым. Ол кезде баршылық кез еді ғой. Техникаң бұзылса өздері жөндеп береді. Кейін Кеңес тараған уақытта бәрі қалды. Жұмыс болмаған соң такси қызметіне ауыстым. Ауылдан қалаға адам апарамын. Міне әлі күнге қол үзгенім жоқ, – дейді ауыл азаматы.
Ауылдың сенімді таксиіне айналған ағамызға тұрғындардың тапсырысы жетерлік. Өздері кент орталығына бара алмаса да ақшасын беріп жіберіп, керегін алдырта береді. Соның бірі – ардагер ұстаз Қарлығаш Ермағанбетова.
– Жасымыз үлкейгесін бе кент орталығына жиі қатынағаннан таксиге тапсырып жібергенді кейде жөн көреміз. Сәндібек ауыл халқына ұзақ жылдан бері қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Кейде жол ақың болмай қалса тегін әкетеді. Тіпті ауруханада жақындарымыз жатып қалса, тамағымызды таксиден беріп жібереміз. Жұмысы сенімді әрі сапалы, дер кезінде орындай қояды. Айтар алғысымыз шексіз, – дейді ол.
Сәндібек Мехманұлы қызметіне адал, жауапкершілігі мол жүргізуші. Ол халықтың өтінішін қашанда жоғары қоя білген азамат. Жолға шыққан әрбір адамды діттеген жеріне жеткізіп, аман-есен алып қайтуды басты міндеті санайды.

Ерсін ӘЛІБАЙ

---
01 қаңтар 2022 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 214

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 323

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930