Қожагелді Жүніс молданың Алдашбай ахун жайлы әңгімелері
Сол, 1988 жыл. Шілде айы. Сабыт жыраудың үйінен шығып, аудан орталығында тұратын Жүніс молданың үйіне қарай Тынымбек нағашым мәшинесін жолға салды. Жолбасшы, Тұраш ағамыз (1918-2004). Бір аяғын сылтып басатын орта бойылы, үлкенге де, кішіге де «айналайын» деп сөйлейтін осы жанның ата-анамыз бен өзіме деген...