» » Жаңа саяси даму сатысына жол ашылмақ

Жаңа саяси даму сатысына жол ашылмақ

"Тойдың болғанынан боладысы қызық" дегендей, сайлау науқаны басталысымен елде серпінді серпіліс басталды. Әркім өз пікірін білдіріп, ұсынысын айтып жатты. Сайлаушыларға үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары таныстырылып, бүге-шігесіне дейін талқылаудан өтті. Оған ауданымыздың аға буын өкілдері, жастар, қоғам белсенділері барынша атсалысты. Енді міне, сол үлкен жұмыстарды қорытып, нәтижесін көретін сәтке де келіп тірелгендейміз.
Бүгін мен де конституциялық құқығымды пайдаланып белгіленген сайлау бөлімшесіне барып, қалаған партияма дауысымды бердім. Және таңдау жасауда қателеспегеніме нық сенемін. Қайсыбір сайлау бөлімшесінде болмасын аудан тұрғындарының белсенділігін өз көзіммен көрдім. Онда қазіргі пандемиялық ахуалға орай, қауіпсіздік шаралары да барынша сақталған.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған бұл саяси дода – Қазақстанның жаңа саяси даму сатысына септігін тигізері айқын.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
аудандық "Қармақшы таңы" газетінің бас редакторы
10 қаңтар 2021 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031