Уақыт пәрмені һәм «Цифрлық Қазақстан»
Бұрын көкжәшікте үш арнаны олай да бұлай ауыстыра қарайтынбыз. Сол кездің кірпіш «нокиасын» қолға ұстау арман еді. Емхана, банк, барлық төлем орталығы ұзын-сонар кезек. Адамға лық толы. Әлем бірінші естіген жаңалықты араға күн салып әлгі үш арнаның бірінен әрең көреміз. Онда да жарық болса. Болмаса білте...