ТЫНДЫРЫП ЖҮРГЕН ӘР ІСТІ, КЕЛІНДЕР КЕШЕ САЙЫСТЫ
Қай саланы болсын өз маманы басқарса игі. Мәдениет бөліміне басшылық қызметке Нұршат Наурызбаева келгелі саланың сай-сүйегі қозғалып, тамырына қан жүгірді. Мұны өнер сүйер қауым біліп те, көріп те жүр. Үлкен шараға қатыспағаныма көп болыпты. Ауылдан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем бермей ме?...