» » » Суға түсу маусымының қауіпсіздік шаралары

Суға түсу маусымының қауіпсіздік шаралары

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары мен қонақтары! Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Бұл өкінішті оқиғаларға ұрынудан және туғандарыңыз бен жақындарыңызды уайымынан сақтайды.
Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз.
Сондықтан Сіз су айдынында демалып жатсаңыз да, қармақпен балық аулап отырсаңыз да, қашанда қауіпсіздік ережелерін есте сақтап жүріңіздер!
Суға шомылу кезіндегі ережелер
- Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.
- Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар - бұл өміріңізге қауіпті.
- Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері! Балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер!
- Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады.
Суға шомылушыларға кеңес
- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз.
- Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз.
- Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда - сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз.
- Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз.
- Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз.
- Мас күйде суға шомылуға болмайды.
- Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар.
- Иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңігіңіз де, ағыспен су бетіне шығыңыз.
- Суда тентектіктерге жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар.
- Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды.
- Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз.
- Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер.
- Жағажай жағалауларымен айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын әкелмеңіз.
Суға батушыға алғашқы көмек көрсету бойынша ұсыныстар
Суға батып бара жатқан адамды көре салысымен бірінші айналадағылардың назарын:
-«Адам батып бара жатыр!»,- деп айғайлап аудару қажет. Әрқашанда суға батушыны құтқаруға ересек адам табылады.
Суға батушыны құтқару кезіндегі үш тәсіл:
Қолтығынан ұстап сүйреу:
Құтқарушы суға батушыны қол астынан ұстап, шалқасынан жүзе отырып сүйреп шығарады.
Шашынан сүйреу:
Суға батушыны бір қолмен шашынан немесе жағасынан ұстап, басын су бетінде ұстауға тырысып, кез келген тәсілмен жүзу.
Шынтағынан жоғары ұстап сүйреу:
Суға батушының артынан екі қолынан ұстап артқа қарай тартып, өзі сол (оң) қолын оның қолының астынан арқасына өткізіп, басқа қолынан шынтағынан жоғары ұстап, бір қырымен жүзу.
Есте сақтаңыз! Зардап шегушінің өмірін тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.
Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін:
Есте сақтаңыз:
Зардап шегушінің басын қисайта бұрып аузын құмнан, лайдан тазартыңыз. Осы әрекеттерге 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс. Зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз.
Бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді орап төсеп, басын барынша шалқайту керек.
Мұрынын қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің аузына дем береді.
Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы керек.
Жасанды тыныс берумен бір мезгілде жүрек сыртынан массаж жасауға болады.
Төс сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу).
Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болса, оған ес кірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа кеткен жоқ.
Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет.
21 мамыр 2019 ж. 2 951 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031