ӘЖЕЛЕР ИНСТИТУТЫ НЕГЕ ӘЛСІРЕДІ?
Кешегі әженің айтар әңгімесі, берер тәрбиесі тым басқа-тын. Алайда соңғы уақытта қоғамды дендеп бара жатқан рухани құлдыраудың түп-төркіні әжелер институтының әлсірегенінде жатыр. Қазақы дәстүрде жас жұбайлар тұңғышын «кемпір-шалдың» баласы деп солардың бауырына салатын. Оны «Кенжем» деп еркелететін де...