ХАБАРЛАНДЫРУ
«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы – ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салалырында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылады.
Байқау – әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді. ҚР-ның 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.
Барлық жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «2019 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, және олар дипломмен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Естеріңізге сала кетейік, «Дарын» жастар сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 1992 жылы тағайындалған болатын. Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, «Муз АРТ» тобы, Қалқаман Сарин және басқада азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын.
Ізденушілерлдің құжаттарын 2019 жылғы 10 тамызға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті келесі мекенжай бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі (15-кіреберіс, 549 кабинет), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 және premiya.daryn2019@gmail.com эл.
Пошта арқылы қабылдайды.