» » Қармақшы ауданы әкімінің жастарға арналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығын тағайындау ЕРЕЖЕСІ

Қармақшы ауданы әкімінің жастарға арналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығын тағайындау ЕРЕЖЕСІ

Қармақшы ауданы жастарына арналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, аудан жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және аудандағы жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады. Ұйымдастырушылар:
- Қармақшы ауданы ішкі саясат бөлімі;
- «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі.
Қойылатын талаптар: 14 пен 29 жас аралығындағы ауданымыздың барлық жастары. Атап айтқанда, келесі салалар бойынша:
1. жұмысшы мамандар; «Үздік жас маман»
2. білім және ғылым; - «Жалын»
3. өнер мен мәдениет; -«Жас Дарын»
4. ауылшаруашылық, агроөнеркәсіп кешені; «Жас егістік батыры»
5. спорт;- «Жас спортшы»
6. кәсіпкерлік; -«Жас кәсіпкер»
7. отбасы институты;- «Үлгілі жас отбасы»
8. денсаулық сақтау саласы – «Үздік денсаулық сақшысы»
9. еріктілік; - «Үздік ерікті жас»
10.жастар саясатын үздік жүзеге асырушы ауыл; - «Прогресс»
Қармақшы ауданы жастарына арналған «Жыл үздігі-2018» атты сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша ауданның дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады: өз саласы бойынша жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін; әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы; мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары; жеке басының жетістіктері; аудандық, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы. Қармақшы ауданы жастарына арналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығына қатысушы үміткерлерге ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды. Қармақшы ауданы жастарына арналған сыйлық он жасқа (бағалы сыйлық) беріледі және бір адамға екі мәрте қайта берілмейді (осы уақытқа дейін осы сыйлықты алған жастар). Қармақшы ауданы жастарына арналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:
- бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2018 жылдың
13 қарашадан -25 қарашасына дейін);
- екінші кезең: «Жыл үздігі-2018» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау (2018 жылғы 25-26 қараша);
- үшінші кезең: «Жыл үздігі-2018» сыйлығының иегерлерін марапаттау (2018 жылғы 28 қараша).
Қармақшы ауданы жастарына арналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығына үміткерлер төмендегі құжаттарды 2018 жылдың 21 қарашасына дейін «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі (Қармақшы ауданы, Ізтілеуов көшесі №3) (Шамшат Төлепов атындағы аудандық мәдениет үйі 2-ші этаж «Қармақшы Жастары» ЖҚБ )тапсыруы қажет:
- жұмыс/оқу орнынан, саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);
- түйіндеме (қазақ тілінде жазылған, 3х4 фотосуретімен);
- өмірбаяны;
- жұмыс/оқу орнынан анықтама;
- орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
- жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б.) /сканер арқылы жасалған көшірмелері/;
- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралары жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары, ашқан жаңалықтары және басқа да ұсыныс;
- 10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);
- жеке куәлігі (көшірмесі), тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама. Құжаттар бекітіліп, беттеліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).
Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды. Ұйымдастыру алқасына ұсынылған құжаттар үміткерлерге қайтарылмайды. Бұған дейін «Жыл үздігі», сыйлықтарын алған азаматтардың құжаттары қабылданбайды. Қосымша ақпараттарды «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінен алуға болады.
Байланыс телефоны: 8 /72437/ 7-91-51,2-28-33
14 қараша 2018 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031