Борбайқап —төнген қауіп
Қазір көбі бедеу. Қыз да – бедеу, ұл да – бедеу. Қаптаған белсіздік. Дендеген белсіздік. Белсіздік түбі – елсіздік. Ескерген кім бар? Он жыл отасқан екеу баласыз жүр. Отыз жыл отасқан екеу ұрпақсыз қап барады. Айтып отырғанымыз – парадокс емес, күйкі тірлікте көріп жүргеніміз. Кінәні қайдан таппақпыз?...