ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШЫРША ЖАНЫНДА
Жуырда Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектепте арнайы сыныптарда білім алатын шәкірттерге арнап жаңажылдық кеш өтті.
Жаңажылдық ойыншықтармен безендірілген шыршаны айнала би билеп, ән салған оқушыларға мектеп директоры Бауыржан Дүйсенбаев мерекелік жылы лебізін білдіргенннен кейін, шыршаның бас кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қар, мыстан кемпір, қарақшының қатысуымен көрініс тамашаланды.
Шара барысында шаттыққа бөленген оқушылар денешынықтыру пәнінің мұғалімі Рахат Сұлтанбековтың және ұжым қызметкерлерінің дайындаған мерекелік торты мен басқа да тәттілерден дәм татты.
–«Ұрпақ бақыты – біздің бақытымыз», – деп дана халқымыз айтқандай, балалардың қуанышы мен тәрбиесі, олардың сапалы білім алуы мақсатында мектеп ұстаздары қолдан келгенше аянбай жұмыс істеуде. Ұстаздар қауымы арнайы сынып оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларының жүзінен бір сәтке де болса қуаныш көруде жаңажылдық шырша ұйымдастырды. Сонымен бірге, мерекелік шарада үйде оқытылатын оқушылар қонаққа шақырылып, олардың да өнері тамашаланды. Осы жерде ерекше айта кетерлік жайт, балаларға қуанышпен қоса тәттілер сыйлаған кәсіпкерлер Рабиға Балғабаева, Рүстем Досымов, Руслан Әшіров, Нұрбол Саянов, Нұржан Тұрманов, Бекжан Ахметов, сонымен бірге елімізде спорт саласын дамытуға сүбелі үлесін қосып жүрген Әділбек Серікбаев пен Дархан Алмаханов, олардың шәкірттері әлемдік додаларда топ жарып, ел мерейін тасытып жүрген Нұрым Сәлімгереев, Еламан Ерғалиев, Айбек Серікбаев, Мақсат Исақабылов, Ғалымжан Әбдірахманов, Диана Тілеумұратова мен мектеп түлегі Айшолпан Қалыбаева сынды жанашыр азаматтарға айтар алғысымыз шексіз, – дейді мектеп директорының орынбасары Еркін Сұңғатов.
Жаңажылдық кеш соңында мектеп өнерпаздары балаларға арнап ән салып берсе, ата-ана Гүлден Мырзабаева балаларға қуаныш сыйлаған ұйымдастырушыларға аналық алғысын айтты.
Жұлдыз ӘБДІЛОВА,
№30 мектеп директорының
тәрбие жөніндегі орынбасары.