» » Шетелдік фильмдерді субтитрлау кезінде латын әліпбиі қолдынылмайды

Шетелдік фильмдерді субтитрлау кезінде латын әліпбиі қолдынылмайды


Картиналарды дубляждау кезінде әзірге кириллицаға сүйенуге тура келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек толықтай жаңа әліпбиге көшкенде ғана өзгереді. Биылдан бастап Кинематография туралы жаңа заң күшіне енеді. Сала тарихындағы тұңғыш құжат алдағы уақытта киноиндустрия дамуының басты тұжырымдамасына айналмақ.

Қазір өзгерістер уақыты. Бізде көштен қалмай көгілдір экраннан берілетін шетелдік туындыларды қазақшалауға көштік. Мәселен, көптің көңілінен шыққан «Өрмекші адам. Үйге оралу» – қазақ тіліне дубляждалған 21-ші фильм. Кинематография туралы жаңа заң жобасында фильмдердің қазақша сөйлеуіне айрықша мән беріліп отыр.

Ресми дерек елімізде жылына 300-ге жуық туынды экранға шығады дейді. Көшбасында американың үздік фильмдері. Ал ресейлік режиссерлер екінші орында. Қызығы сол, шетелдік картиналардың барлығы дерлік орысша көрсетілген. Ал отандық туындының үлесі 10% әрең жетеді.

Жәнібек Оразалы, Қазақстандық анимациялық киностудиялар қауымдастығының басшысы

- Біз Тәуелсіз ел болғандықтан, біздің кинотеатрлардағы барлық фильмдер қазақ тілінде көрсетілуі керек. Қазақ тілінде көрсетілмесе де, субтитрмен берілуі тиіс. Ал енді бұл кімге тиімді, кімге тиімсіз десек, қаржы жағындағы сұрақ болса. Мемлекет үшін ұлт үшін тиын-тебен санаудың қажеті жоқ. Халықтың төлеген салықтарына сатып алынып, көрсетіліп жатқан фильмдерді не үшін орыс тілінде көруіміз керек?

Фильмдерді дубляждау қымбатқа түсіп тұр. Шетелдік картиналарды қазақша сөйлетуге кемінде 20 миллион теңге қажет. Ал одан түсетін пайда тек 10 миллионға жуықтайды. Сондықтан бұл аударма түрі әзірге қолжетімсіз. Қалай дегенмен енді жеткізушілер әлемдік үздік туындыларды тәржімалауы тиіс. Кинематография туралы жаңа заңның талабы осындай.

Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі заң қызметі департаментінің директоры:

- Үш жолын қарастырып отырмыз. Ол дубляждау немесе субтитрлеу, кадрдан тыс аудару. Субтитрмен қамтамасыз ету. Құқық иелеріне жүктеледі. Бүгінгі күні субтитрлеу қалған екеуіне қарағанда жолы жеңіл болып тұр. Сондықтан бұл норма жұмыс істейді деген сенімдеміз.

Министрлік ұлттық киноны қаржыландырудың жаңа моделін енгізеді. Бұл ретте тарихи, әлеуметтік фильмдер 100% дейін ал коммерциялық картиналарға 70% дейін көмек бар. «Алмақтың да салмағы болған кезде, сапалы дүние жасауға болады», - дейді мамандар. Ендеше, көрейік. Кино қаншалықты құнды? Сапасы қандай? Міне, осы сұрақтардың жауабын бере алатын режиссер ғана кино түсіреді. Себебі, қазына қаржысына  түсірілген фильмнің шығынын режиссерлер қайтаруға міндетті.

Жәнібек Оразалы, Қазақстандық анимациялық киностудиялар қауымдастығының басшысы:

- Ұлттық киноны қолдау орталығы ашылады. Онда кинолар түсіріледі. Оны қадағалайтын, бақылайтын орын бар деген сөз. Демек, қызғын бәсеке болады. Бәсеке бар жерде сапалы дүние шығады. Киноларды қазақшағаланмен, көретін көз болмаса, еңбектің еш кеткені. Қазақ тілді картиналардың санын көбейткіміз келсе, алдымен көрерменді баурай білу маңызды. Кейін жекенің қолында кеткен кинотеатр басшылары отандық туындыларды прайм-тайм уақытына қойса игі. Себебі кино – өскелең ұрпақты тәрбиелейтін идеологиялық құрал екенін ескерсек, ол коммерцияны көздемеуі керек. Яғни, ұлтқа қызмет етуі тиіс. Қалай десек те, жаңа заң көрерменнің көңіл пернесін дөп басатын сапалы фильмдерді көбейтіп, отандық киногерлердің өрісін кеңейтер деген үміт басым.

09 қаңтар 2019 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 52

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930