
КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ЖАҢҒЫРЫҚ НЕМЕСЕ ЖЫРАУЛАР ҮЙІНДЕГІ ТІРШІЛІК
Қармақшыда 2006 жылы дүркіреген той өтті. Өнер десе өре түрегелетін Сыр бойы халқы үшін бұл елеулі оқиға болды. Ел тарихында тұңғыш рет мемлекетіміздің «Мәдени мұра» және «Өнер жылы» аясында Жыраулар үйінің тұсауы кесіліп, оған даңғайыр жыраулар ұрпағы, күміс көмей Көшеней Рүстембековтің есімі берілді. Осы...