» Витаминдер COVID кезінде көмектесе ме? Дәрігер жауап берді

Витаминдер COVID кезінде көмектесе ме? Дәрігер жауап берді

Дәрігер, әсіресе ковидтік синдромы бар адамдардың нутрикешендер арқылы өздігінен ем тағайындауы дұрыс емес екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Диетолог Андрей Золотарев белгілі бір дәрумендер мен минералдардың COVID-19-ға қарсы әсері туралы сенімді деректер жоқ екенін айтады. Бірақ қоректік кешендердің денсаулықты тұтас жақсартуға оң әсері бары белгілі. Әсіресе организм аурудан әлсіреген болса тигізер пайдасы бар. Сарапшы іс жүзінде коронавирустық инфекцияны емдеу кезінде C және D дәрумендерін, селен, мырышты тағайындауға болатындығын атап өтті. 
"Мұнда “біртұтас қалпына келтіру" деген ұғым жоқ екенін түсіну керек. Өйткені постковидтық синдром барлық науқастарда әр түрлі дамиды. Коронавирус көбінесе дененің әлсіз жерлерін зақымдайды. Егер біз аурудың басталуына дейін адамда дәрумендердің жетіспеушілігі туралы айтатын болсақ, онда оларды қалпына келтіру үшін қабылдау қажет", — деп түсіндірді Андрей Золотарев Sputnik радиосына берген сұхбатында. 
Сарапшы минералды витамин кешендерін зақым келген организмді қалпына келтіру процесінде ұсынуға болады дейді. Дегенмен, оларды өзіңіз тағайындаудың қажеті жоқ. Әсіресе ковидтық синдромға қатысты және аурумен ауырған кезіңізде байқап пайдалану керек. 
"Мысалы, қант диабетіндегі ковидтық синдромның бір нұсқасы — адам қанындағы қант көтеріледі. Мұндай жағдайларда қантты бақылауға мүмкіндік беретін минералды қоспалар жиі қолданылады. Темір тапшылығы анемиясы да бар – бұл жерде D дәрумені, хелат темірді қолдану құпталады", - деп толықтырды Андрей Золотарев.
---
06 қыркүйек 2021 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031