» » Дүрбелеңге жол жоқ. Коронавирус жұқтырған 2,5 мың баланың ішінде 16-нда «Кавасакиге ұқсас синдром» расталды

Дүрбелеңге жол жоқ. Коронавирус жұқтырған 2,5 мың баланың ішінде 16-нда «Кавасакиге ұқсас синдром» расталды


COVID-19 коронавирустық инфекциясы балаларда ересектерге қарағанда сирек тіркеледі. Оларда аурудың клиникалық белгілері аз болады, ауруханаға жатқызуды аса қажет етпейді және ауру көбінесе симптомсыз және жеңіл түрде жүреді, бірақ аурудың ауыр өтетін жағдайлар да кездеседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаева мәлімдеді.
Оның мәліметінше, пандемия басталғалы бері Қазақстанда 2500-ге жуық бала коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде 111-і сәби. Балалардың 80%-ында COVID-19 симптомсыз және жеңіл түрде өтті, пациенттердің 20%-ы ауыру деңгейі орташа және ауыр түрде болды. Негізінен ауыр созылмалы аурулары бар балаларда, бұл COVID-19 асқынуына әкелді. Балалар арасында өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

«2020 жылдың сәуір, мамыр айларында COVID-19 жұқтыру деңгейі жоғары болған елдерде коронавируспен ауырған балаларда уақытша COVID-19-бен ассоциацияланған педиатриялық мультисистемалық қабыну синдромы түрінде жаңа ауру тіркеле бастады. MҚС - бұл COVID-19 инфекциясынан кейін қабынумен байланысты кейінге қалған иммунологиялық құбылыс. Бұл патология COVID-19- дан кейін 3-5 апта өткен соң балаларда дамитын инфекциядан кейінгі синдром болып табылады. Бұл мұндай науқастарда қандағы антиденелерді анықтау арқылы көрінеді», - деп түсіндірді медицина ғылымдарының докторы.


MҚС-тің тағы бір атауы – «Кавасакиге ұқсас синдром». Ол жапон дәрігерінің атымен аталған аурумен клиникалық ұқсас, бірақ белгілі бір айырмашылықтары да бар. Ең бастысы – бұл аурумен 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар ауырады.

«MҚС-ті сәтті емдеу үшін ерте диагноз қойып, терапияны уақтылы бастау маңызды. Кавасакиге ұқсас синдромның негізгі клиникалық белгілері 24 сағат ішінде жоғары температураның болуы және қабынудың зертханалық дәлелдерімен және эпидемиологиялық деректермен бірге екі немесе одан да көп мүшелер жүйесінің зақымдануы болып табылады.

Егер МВС-қа күдік болса, бала міндетті түрде көп бейінді балалар ауруханасына жатқызылуы тиіс, онда ол диагностикалық іс-шаралардың толық көлемін алады және қажетті терапия қабылдайды. Кавасакиге ұқсас синдромы бар науқастарды диагностикалау мен емдеуді әртүрлі педиатриялық мамандар тобы жүзеге асырады: инфекционистер, ревматологтар, кардиологтар, гематологтар, реаниматологтар. Ерте диагноз қою және уақтылы медициналық көмек көрсету көп жағдайда баланың оң нәтижесін беріп, сауығуына әкеледі», - деді педиатр.


23 тамыздағы жағдай бойынша, республикада 116 балада МВС анықталды. Қазіргі кезде олардың жартысы ауруханадан шығарылды, қалғаны көпсалалы балалар ауруханаларында емделуде.
24 тамыз 2020 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031