Жобаның мақсаты – отбасы әл-ауқатын арттыру

Қазіргі таңда адрестік көмек көрсету мақсатында 2 кент, 12 ауылдық округтері бойынша жедел әрекет ету топтары құрылып, халық арасында өз жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылдың қарашасынан бастап 1512 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, оның 1355 отбасына 48570 мың теңге төленген. Одан бөлек ҚР Үкіметінің 2019 жылдың 30 желтоқсанындағы №1032 қаулысына сәйкес, бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері айқындалған болатын. Осыған орай үстіміздегі жылдың 10 айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылып, көмек көрсетілген.
Елбасының қолдауымен жүзеге асқан «Бақытта отбасы» жобасы ауданда да жақсы қалыптасқан. Тіпті сыбайластықтың алдын алу мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтар электронды қолтаңба арқылы өзінің емінің ауырлығына қарай керекті затын яғни қоларба, мүгедек таяғын ала алады.
Шарада соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын жеткізді.