» » Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беріле бастады

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беріле бастады

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанда көпбалалы отбасыларға баспана беру жұмыстары басталды. Тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі жаңа заңды іске асырудың алғашқы күні елордада және еліміздің өңірлерінде 249 отбасы баспаналы болды.  Биыл 30 сәуірде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Құжатты іске асыру ҚР Үкіметіне әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзім ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі көп балалы отбасыларға пәтер беруді бастауға мүмкіндік берді.   Президент Әкімшілігінің, ҚР Парламенті мен Үкіметінің үйлесімді атқарған жұмыстарының нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жүйелі шаралары қабылданды.
Биыл мамыр айында жалпы елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көпбалалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Бүгінде алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында берілген. Павлодар облысының көпбалалы отбасыларына - 76, Қарағанды облысында - 27, Ақтөбе облысында - 25, Алматы облысында - 20, Маңғыстау облысында - 18, Жамбыл облысында - 17, Шығыс Қазақстан облысында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 10, Ақмола облысында - 6 пәтер берілді. 15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көпбалалы отбасы баспана алуға кезекте тұр. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттердің іске асырылу барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауына алынған.
02 мамыр 2019 ж. 1 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031