» » Сталкинг туралы не білеміз?

Сталкинг туралы не білеміз?




Қоғамдағы орын алып жатқан жағдайларды талдау, күнделікті тәжірибені зерделеу, қоғам мен адам мүддесіне кері әсер ететін әрекеттер мен әрекетсіздіктерді (фактілерді) ескеру нәтижесімен заңнамаларға да тиісінше өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Осындай біршама толықтырулар 2025 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілді.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекс «Сталкинг, яғни адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау» 115-1-баппен толықтырылды.
Аталған қылмыстық теріс қылық үшін екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы көзделген.
Бұл ретте ескере кететін жағдай Қылмыстық кодекстің 3-бабының 14-тармағына сәйкес, елеулi зиян – осы Кодексте көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайлардағы мынадай зардаптар: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу; айтарлықтай залал келтіру; жәбірленуші адамда өмірлік қиын жағдайдың туындауы; ұйымдардың немесе мемлекеттік органдардың қалыпты жұмысының бұзылуы; маңызды әскери іс-шаралардың өткізілмей қалуы не әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті деңгейінің қысқа мерзімге төмендеуі; қарулы топтарды немесе жекелеген қарулы адамдарды, құрлықтағы, әуе немесе теңіз жауынгерлік техникасын дер кезінде байқамау немесе оларға тойтарыс бере алмау, адамдардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы кедергісіз заңсыз өтуіне, контрабандалық жүктердің өткізілуіне жол беру, шекараны қорғайтын шекара құрылыстарына, техникалық құралдарға залал келтіретін іс-қимылдарға салғырт қарау; келтірілген зиянның елеулі екендігін куәландыратын өзге де зардаптар.
Яғни, адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау – сталкинг болып табылады және ол Қылмыстық кодекстің 115-1-бабымен сараланады. Бұл баптың қолданысы 18 қыркүйектен басталады.
Енді «Сталкинг» дегеніміз не және одан қорғану мәселесіне тоқталсақ. Сталкинг – адамды шынайы өмірде немесе интернетте жүйелі түрде қудалау. Әдетте ол зиянсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде, сталкинг адамның өміріне психологиялық және физикалық тұрғыда қатты әсер етеді. Түсінікті болу үшін бұл әрекеттің жасалу жолын мысалдар келтіру арқылы ашқанымыз орынды болады деп есептейміз.
Мысалы, әлеуметтік желіде жаңа таныс тауып, оны достар қатарына қабылдадыңыз делік. Ол адам алғашында сізге жағымды, ашық-жарқын адам сияқты көрінеді. Алайда біршама уақыт өткен соң ол сізге «Неге жауап бермейсің?», «Кеше қайда болдың?», «Кіммен болдың?» деген секілді үнемі мазалайтын хабарламалар жаза бастайды. Бұл адам желідегі әрбір жарияланымыңызға лайк қойып, барлық жазбаңызға пікір қалдырады, тіпті достарыңыздан сіз туралы ақпараттар жинай бастайды.
Басында бұл сіз үшін оғаш әрекет болып көрінуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе, бұл әрекеттен қорқа бастайсыз. Ол сіздің тұратын мекенжайыңызды, жұмыс орныңызды білетінін айтып, келемін деп қорқытады. Жиі және сіздің қалауыңсыз байланысқа шығу. Қоңыраулар, хабарламалар немесе хаттар жолдауын тоқтатуын сұрасаңыз да жалғаса береді. Тіпті сіздің жиі болатын жерлеріңізге еш себепсіз барып, аңдуға көшеді. Қоқан-лоққы мен манипуляция, яғни «Жауап бермесең, құпияларыңды айтамын» немесе «Қайда тұратыныңды білемін» деген секілді сөздер айтылады. Бұл жағдай – жеке шекараңызды бұзып, өзіңізді ыңғайсыз әрі қауіпті сезінуге мәжбүр ететін сталкингтің көп тараған түрі.
Есіңізде болсын, сталкинг – қалыпты жағдай емес. Танымайтын, өзіңізге беймәлім адамдармен әлеуметтік желілерде және қандай да болмасын байланысқа барудан аулақ болыңыз. Жаңа танысыңыздан өзіңізді жайсыз сезінетін қандай да бір оғаш қылық байқасаңыз оны дереу тоқтатуға, байланысты үзуге тырысыңыз. Ал, өзіңізге қауіп төнгенін байқасаңыз құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Аудандық прокуратура
14 қыркүйек 2025 ж. 13 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930