» » Қауіпсіз қоғам үшін қам

Қауіпсіз қоғам үшін қам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты осы жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.
Осы заңға сәйкес, бірқатар нормативтік актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстықпроцестік кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі Еңбек кодекстеріне өзгеріс енгізілген.
Нақты айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (73-1-бап) мен ұрып-соғу (73-2-бап) диспозициясы бойынша әрекеттер криминализацияланып, сәйкесінше Қылмыстық кодекске 108-1бап, 109-1-бап болып өзгеріс енгізілді.
Мысал ретінде қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әрекеті он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Осы ретте енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әрекеті үшін – 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Ал осы әрекет екі немесе одан да көп адамға қатысты, адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік, қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, бұзақылық ниетпен, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша, бірнеше рет, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған болса, мұндай жағдайда тағайындалатын жаза бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін алып келеді.
Тағы да бір ескере кететін жайт, осы әрекеттер бойынша тұлғаларға қылмыстық іс қозғалатын болады. Демек, отбасы – тұрмыстық жанжалдарға бейжай қарауға болмайды.
Қабылданған заңның басты міндеті балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Бұл жоғарыда көрсетілген өзгерістер 2024 жылғы 16 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін болады. Сондықтан аудан тұрғындарын және барша халықты заң талаптарын бұзбауға шақырамын.
А.ҚАЗЫБЕКОВ,
аудандық соттың судьясы
20 мамыр 2024 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 324

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930