» » Жала жапқандардың жазасы ауыр

Жала жапқандардың жазасы ауыр

Қазіргі таңда ақпарат тарату көзі өте көп. Бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек, әлеуметтік желілерден, хабар алмасу қосымшаларынан келіп жатқан мәліметтердің көптігі соншалық, кейде құзырлы органдар оларды саралап үлгермей жатады. Сондықтан қарапайым халық келіп жатқан ақпараттардың қайсысының ақиқат, қайсысының жалған екенін білмей абдырап қалады. Осы орайда ақпараттың ешкімге жала жаппай, барынша шынайы болуы аса маңызды.
Жала – қазақ қоғамында кең тараған ұғым. Жалған айып, негізсіз тағылған кінә мағынасында қолданылады. Бірақ заң тілінде оның өз анықтамасы бар және ол анықтама бойынша жала жабылғанын дәлелдеу оңай шаруа емес.
Жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту нәтижесінде жала жабу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабына ауыстырылды. Басқа адамның абыройы мен қадiрқасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату – жеке тұлғаға бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Ал көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол ісәрекет – жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер – жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Жала жабушы кінәлі тұлғаға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттама жасатылып, сотпен жаза қолданылады.
Мұнан басқа қылмыстық заңда адамды қорлағаны үшін жауаптылық көзделген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 131-бабында қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланса, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Бүгінгі таңда өзекті болып отырған осы мәселеге орай жала жапқан жанның жазаланып, бөтен адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей пікір айтпауына мұрындық боларына үміт зор.
Қуаныш МЫХАНОВ,
аудандық соттың төрағасы
18 сәуір 2024 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 277

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930