» » Бір отбасы тұтастай коронавирусқа шалдықты деген жала желіде таралған

Бір отбасы тұтастай коронавирусқа шалдықты деген жала желіде таралған

Түркістан қаласында бір отбасы коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат тарлды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.   

Белгісіз біреулер WhatsApp мессенджері арқылы жергілікті тұрғын отбасымен коронавирусты жұқтырды деген ақпарат таратып жіберген.
Жала жабылған тұрғын отбасымен бірге Еуропада саяхат жасап келіпті. Алматы қаласына оралған әйел мен оның отбасын дәрігерлер толық тексеруден өткізіпті. Олардың карантинге жіберілуіне еш негіз болмағандықтан, жанұя үйлеріне қайтыпты.
Үйіне келгеннен кейін, Еуропаға саяхат жасап келгендерге Түркістан қалалық емхана мен СЭС қызметкерлері бақылау орнатқан көрінеді. Мамандардың сөздерінше, ешкімнің бойынан аурудың белгілері және басқа да ауру түрлері анықталмапты. Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері ақ халаттылардың қадағалауынан шығарылыпты. 
ПД қызметкерлерінің мәліметінше, аталған жайт бойынша үш адамға қолға түсіпті.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушы Түркістан қаласының тұрғындары яғни үш күдіктіні анықтапты. Күдіктілер өз әрекетін толық мойындап, өкінетіндіктерін жеткізді. Олар бұл хабарды туыстары мен жақындарын ескерту үшін таратқанын түсіндірді. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтауды бастады", - деді полиция өкілдері.
Атап өтерлік жайт, бұл жағдайға қатысты ұсталған азаматтар ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабы “Жалған ақпарат тарату” бойынша жауапкершілікке тартылады.
20 наурыз 2020 ж. 914 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 132

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930