» » Жала жапқандардың жазасы ауыр

Жала жапқандардың жазасы ауыр

Қазіргі таңда ақпарат тарату көзі өте көп. Бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек, әлеуметтік желілерден, хабар алмасу қосымшаларынан келіп жатқан мәліметтердің көптігі соншалық кейде құзырлы органдар оларды саралап үлгермей жатады. Сондықтан қарапайым халық келіп жатқан ақпараттардың қайсысының ақиқат, қайсысының жалған екенін білмей абдырап қалады. Осы орайда ақпараттың ешкімге жала жаппай, барынша шынайы болуы аса маңызды.
Жала- қазақ қоғамында кең тараған ұғым. Жалған айып, негізсіз тағылған кінә мағынасында қолданылады. Бірақ заң тілінде оның өз анықтамасы бар және ол анықтама бойынша жала жабылғанын дәлелдеу оңай шаруа емес.
Жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту нәтижесінде ЖАЛА ЖАБУ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабына ауыстырылды. Басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату - жеке тұлғаға бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Ал көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер – жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.Жала жабушы кінәлі тұлғаға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттама жасатылып, сотпен жаза қолданылады.
Мұнан басқа қылмыстық заңда адамды қорлағаны үшін жауаптылық көзделген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 131-бабында ҚОРЛАУ,  яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланса, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет - екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Бүгінгі таңда өзекті болып отырған осы мәселеге орай  жала жапқан жанның жазаланып, бөтен адамның абыройы мен қадыр – қасиетіне нұқсан келтіретіндей пікір айтпауына мұрындық боларына үміт зор.
Қ.Мыханов,
Қармақшы аудандық сотының төрағасы 
16 сәуір 2024 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031