» » Әлемдік «SOS» қаперіңізде болсын

Әлемдік «SOS» қаперіңізде болсын

   Қазір әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық, қысым көрсету мәселесі өзекті болып отыр. Отбасындағы жанжалдың кесірінен болатын қылмыстардың жиілеп кетуіне қоғам алаңдаулы. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің бірі – маскүнемдік, жұмыссыздық, сонымен қатар тұрмыс жағдайының ауырлығы. Мұндайда тұрмыста жапа шегетіндердің дені әйел адамдар.
   Біздің елімізде әйел ананы қорғау ерекше мәселе. Дегенмен әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес. Кешегі пандемия уақытында бұл жағдай кез келген отбасында айқын көрінді. Тіпті қоғамға үлкен сынақ болды. Күйеуінен зәбір көрген әйелдер жергілікті полицияға шағымданса, арызданбай үнсіз қалғандары қаншама. Осы орайда пандемия кезінде канадалық әйелдер қоры Халықаралық «көмек қажет» ишарасын ойлап тапты. Ол саусағыңыздың қимылы арқылы жүзеге асады, яғни бірінші бас бармағыңызды бүгіп, артынан төрт саусағыңызды үстінен жауып білдіресіз. Дәл осы дабылды көрген құқық қорғаушылар бірден арызды күтпей-ақ шара қолданады. Ал құқық қорғаушылардан бұрын сіз байқап, жәбірленушінің көрсеткен белгісін түсінген болсаңыз, онда дереу полицияға хабарласып, көмек шақыра аласыз.
  Бүгінде елімізде де құқық қорғау органдары осы әдісті іс жүзінде қолданысқа енгізе бастады. «Көмек қажет» деген белгіні полиция қызметкерлері есте сақтауды ұсынуда. Себебі өзгеден қысым көріп, дауысын шығарып айқайлай алмағандарға қолмен белгі көрсетіп, көмек сұрау әлде қайда оңай ишара. Ал телефонның бейнебайланысы арқылы сөйлесіп отырған болсаңыз, камераға алақаныңызды қаратып жасырын ғана саусақтарды қысып көрсеткен жөн.
   Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамға ортақ мәселе болғандықтан, зардап шеккендерге қоғам болып қолдау көрсету қажет. Бүгінде отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдердің нақты санын дәл айту мүмкін емес. Өйткені, олардың барлығы арнайы органдарға барып шағымданбайды. Әсіресе қазақ отбасындағы әйелдер бұл жағдайға төзіп жүре береді. Көмекке жалғыз әйелдер ғана емес, балалар, қарт кісілер тіпті мұқтаж жандар зәру болуы мүмкін. Осы орайда Қазақстанда халық арасында «көмек қажет» белгісі сыналды. Ерлі-зайыпты рөлін сомдаған ер мен әйел көшеде сөзге келіп қалды. Ер адам әйелді күшпен жұлқылап сүйрей жөнелді. Сол кезде әйел қасынан өтіп бара жатқандарға әлгі көмек қажет белгісін қолмен көрсетіп еді, түсінбегендер жолынан қалмай кете берді. Тағы да көпшілік ортаға барып көріністі қайталап белгіні көрсеткенде жұрт көмекке келе бастады. Осылайша біраз адам араша түсіп, әйелді құтқарды. Кейін бұл ел арасында сынақ екенін айтып, көмекке келгендерден «қалай білдіңіз?» деп сұрағанда көмек белгісіне қарап түсінгендерін жасырмады.
   Әлемнің кейбір елдерінде көмек сұраудың түрлі тәсілі бар. Мәселен, ресторанда жәбірленуші мәзірге, белгілі бір затқа тапсырыс беру арқылы даяшыға полиция шақыруды өтінеді. Ал Италияда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары полицияға хабарласып, пиццаға тапсырыс беріп, араша сұрайды. Осылайша қауіптің алдын алуына үлкен септігін тигізеді. Алда-жалда сіз де қауіпке тап болып, зәбір көрсеңіз «көмек қажет» белгісін көрсетуді ұмытпаңыз. Егер сіз біреудің көрсеткенін байқасаңыз жедел 102 телефонына хабарласыңыз. Әсте мұндай жағдайды кісі басына бермесін.
Ерсін СӘДУҰЛЫ  
20 желтоқсан 2023 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031