» » Тарихи таңдау жасалды

Тарихи таңдау жасалды

Бұрын халықтан ешкім пікір сұрамаған еді. Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар парламент депутаттарының мақұлдауымен өзгертіле беретін. Біздің бұған соңғы уақытта құлағымыз да, көзіміз де үйренді. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА сессиясында Ата заңға енетін өзгерістерді жалпы халықтың таңдауына беріп, референдум өткізуді ұсынды. Өз ұсынысында «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ, әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп атап өтті.
Бұл жаңалықты ұрпақ тәрбиелейтін, елдің келешегіне тұтқа болар жастарға білім беретін  ұстаз ретінде өзім де, әріптестерім де зор қуанышпен қабылдаған едік. Өткен жексенбі, яғни 5 маусымда жаңа, нақты өзгерістерге бастайтын референдумға мен де өз отбасыммен, жақындарыммен біркісідей атсалысып, өз таңдауымды жасадым. Баршамызға ортақ мүдде үшін қазір бір арнаға тоғысатын кез келді. Қазір әрбір еліміздің тұрғынының міндеті «дауыс бердік, болды» емес, алдағы өзгерістердің жүзеге асуына жауапты екенімізді ұғыну. Бұл біздің келесі ұрпақ алдындағы елдік тұрғыдағы парызымыз. Сонымен қатар референдумға қазақстандықтар өте белсенді қатысқаны көрініп тұрды. Себебі бәрі де өзгерісті, жаңа қазақстанның құрылғанын қалайды. Саяси сілкініс халықтың билікке деген сенімін қайтаруға жасалған нық қадам іспетті. Теледидар мен түрлі ақпарат құралдары арқылы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Бәріміз де Конституциядағы өзгерістерден көп үміт күтеміз. Енді сол өзгерістер оңынан болып, еліміздің болашағы жарқын болса деген ниеттеміз. Ел дамуының жаңа кезеңіндегі жақсылықтарды бәріміз бірге көрейік.
Анар СРЫМБЕТОВА,
№274 мектептің мұғалімі
12 маусым 2022 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930