» » Балық майы өкпеге қалай әсер етеді? Дәрігер түсіндірді

Балық майы өкпеге қалай әсер етеді? Дәрігер түсіндірді

Ресейлік дәрігер Георгий Сапего балық майының пайдасы туралы айтты. Оның сөзінше, бұл өнімнің қабынуды басатын қасиеті бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Sputnik радиосына берген пікіріне сүйенсек, дәрігер балық майының денсаулыққа пайдасы, ең алдымен, оның құрамында Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарының болуымен байланысты екенін айтады.
Осы заттардың арқасында өнім қабынуға қарсы әсерге ие.
“Балық майы қандағы триглицерид деңгейін азайтады, қан қысымын сәл төмендетеді, жүрек соғу жиілігін, қанның ұюын азайтады.
Сондай-ақ, балық майынан алынған Омега-3 қанықпаған май қышқылдары қабынуға қарсы әсерге ие. Сондықтан балық майы, мысалы, ревматоидты артриті бар адамдарға ұсынылады”, – дейді Георгий Сапего.
Дәрігердің айтуынша, балық майы иммунитетті айтарлықтай күшейтетін құрал деп санауға болмайды. Бірақ оның қабынуға қарсы әсері жұқпалы ауру кезінде пайдалы болмақ. 
“Балық майы ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін айтарлықтай арттырады деп ойламаймын, бірақ ол өкпенің қабынуын тежейді”, – дейді Сапего.
Әдетте балық майы әдетте суық теңіздердің тіршілік иелерінен алынады. Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары тек балық майында ғана емес шпинат, грек жаңғағы, бұршақ, зығыр және қыша майларында кездеседі.
02 желтоқсан 2021 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 092
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031