» » Омега-3, омега-6 және омега-9 дәрумендерінің айырмашылығы қандай?

Омега-3, омега-6 және омега-9 дәрумендерінің айырмашылығы қандай?

Дәрігерлер организм үшін май қышқылдарының пайдасы жөнінде көп айтады. Оның үстіне қазір екінің бірі осы қышқыл қосылған препаратты қабылдайды. Дегенмен көбі омега-3, омега-6 және омега-9-ды не үшін қабылдау керек екенін, олардың қандай айырмашылықтары бар екенін біле бермейді. 

 Аif.ru-дың хабарлауынша, омега-3, омега-6 және омега-9 қанықпаған май қышқылдары болып табылады. Олардың әрқайсысы химиялық құрылымы бойынша ерекшеленеді.
Омега-6 және омега-3 – полиқанықпаған май қышқылдары. Олар энергия көзі саналады. Бұл заттектер өздігінен түзілмейді, сол себепті ағзаны қамтамасыз ету үшін белсенді биологиялық қоспаларды немесе осы заттектерге бай тағаммен тамақтану қажет. 
Ал Омега-9 болса, моноқанықпаған май қышқылдарына жатады. Ол өздігінен ағзада түзіле алады. 
Омега-3 балықта, зығыр дәнектерінде, рапс, сора майларының құрамында болады. 
Сонымен қатар омега-6-ға бай өнімдер арасында балқарағай жаңғағын, асқабақ дәнегін, жұмыртқа, пісте, сүйек майын ерекше атап өтуге болады. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, адам ағзасы омега-9-ды өздігінен өндіре алады. Алайда әртүрлі тағам өнімдерінде де май қышқылдары болады. Мәселен зәйтүн майы, теңіз өнімдері, авокадо, грек жаңғағы. Ағзада омега-9-дың жеткілікті деңгейін сақтап тұру үшін арнайы диетаның қажеті жоқ.
 
baq.kz
30 мамыр 2021 ж. 1 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 202
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30