» » Жылдам әрі жеңіл

Жылдам әрі жеңіл


Қазіргі уақытта заман талабына сай мемлекет тарапынан халыққа көрсетілетін қызметтерді толығымен автоматтандыруға бағытталуда. Соның ішінде ана мен балаға көптеген жағдай жасалып отыр. Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексінің 189 бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, баланың тууын тіркеу сәтін қоспағанда, ата-ана 3 жұмыс күні ішінде баласының туу туралы куәлігін ала алады. Бүгінде осы қызмет түріне өтініштері электронды түрде қабылдануда. Ол үшін бірінші кезекте босанатын ана перзентханаға бармай тұрып, алдын ала "Азаматарға арналаған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға барып ұялы телефондағы нөмерін порталдағы жеке кабинеттеріне тіркету керек. Сонымен қатар әр ата-ана сәбиіне қойылатын аты мен берілетін тегін босанғанға дейін отбасымен ойланып, нақты шешімге келу керек. Босанған анаға 1414 тен құттықтау келіп, СМС арқылы баланың тууын тіркету үшін мәліметтері сұралады. Осыған сәйкес ата-аналар жаңа туған нәрестесінің туған елінің азаматы екенін айқындайтын ең бірінші құжаты – туу туралы куәлігін осы үш күн ішінде алып уақытты ұтады. Бұл жаңа туған балаға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылардың уақытылы және жылдам берілуін қамтамасыз етеді. Сәбиінің дүниеге келуі әр ата-ана үшін қуанышты сәт, сондықтан еліміздің кішкене азаматтарының тұлғасын анықтайтын алғашқы куәлігін алуды кейінге қалдырмайық.

Б.ҰЗЫНЖАСОВА,
Қармақшы ауданы
жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және АХАТ
бөлімінің бас маманы
28 наурыз 2021 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930