Құрылтай
» » Кәсіпкерлерге 8 пайызбен несие беріледі

Кәсіпкерлерге 8 пайызбен несие беріледі

Елімізге тараған қауіпті індет халықты әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Бұл жағдайда әсіресе, кәсіпкерлік саласы тоқырап қалды. Дегенмен, жағдай қалыпқа келе бастаған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бүгінде осы бағытта бірнеше шешім де қабылданған. Осы шараның аясында шағын және орта кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие беру бойынша бағдарлама іске қосылды.Бағдарламаның негізгі шарты жылына 8 процентпен бір жылға несие алуға болады.
Бұл бағдарламаға кімдер қатыса алады?
♦️Егер сіз төтенше жағдай енгізу салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі не дара кәсіпкер болсаңыз.
♦️Қаржылық жағдайыңыз күрт төмендеп, өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің көлемінің төмендеп, сатып алушылар тарапынан төлемді кешіктіріп немесе қызметкерлеріңіздің штаттық саны қысқарса бұл сізге жеңілдетілген несие алуыңызға себеп болады.
♦️Дара кәсіпкерлерге 50 млн.теңге. Заңды тұлғалар
3 млрд.теңгеге дейін несие ала алады.
♦️Кепіл мүлік талап етіледі, бірақ кепіл мүлік жеткіліксіз болса «Даму» қоры арқылы несиенің 50 пайызына дейін кепілдендіре аласыз.
Қажетті құжаттар⤵️
✅жеке куәлік
✅Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (сертификат)
✅Салықтар бойынша қарызыңыздың болуы немесе болмауы жөнінде растайтын құжат.
30 қыркүйек 2020 ж. 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31