» » Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Ешкім де тегіне қатысты, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, ұлты, тілі, дінге қатысты, көзқарасы, мекенжайы немесе басқа да кез келген жайлар дискиринацияға ұшырамайды».
«Ешкім де зорлыққа немесе басқа да қатыгез және адами қасиетін төмендететін әрекетке ұшырамауы керек» деп көрсетілген.
Отбасындағы зорлық балалар мен әйелдерге бағытталған зорлық әр түрлі отбасында орын алып, әлемнің барлық елдерінде де бар. Дегенмен көптеген елдердің қылмыстық заңнамалары жәбір көрсетушінің лайықты жазалануына мүмкіндік бермейді, яғни оларға қарсы қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік болмайды. Қазақстанда бұл тек жәбір көрсетушінің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сай келгенде ғана мүмкін.
Жұбайлар тең құқылы және бірдей жауапкершілікке ие. Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз. Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: 26-28-90, 102.
Зорлықтың түрлері:
-Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, өзін-өзі құрметтеуді жоғалтуға әкелетін немқұрайлы қарым-қатынас, негізсіз қызғаншақтық, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
-Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;
-Экономикалық зорлық – үйден тыс жерде жұмыс істеуге тыйым салатын, ақша бермей немесе оларды өмір сүруге жетпейтін мөлшерде беретін, әйелінің немесе баласының жеке ақшасын алып қоятын, табысын жасыратын эмоционалдық зорлық;
-Жыныстық зорлық – әйелдің қалауына қарсы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, зорлау, балаларды жыныстық зорлау;
-Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру немесе өлтіру, өзін-өзі қол жұмсауға итермелеу, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мәжбүрлеу;
-Балаларды анасына қарсы қолдану – әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігін қорқыту, тастап кеткен балаларына қатысты өзін кінәлі деп санаумен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану;
-Қорқыту – жиһаздарды немесе ыдыс-аяқты сындыру, қирату, үй хайуанаттарына қатыгез қарым-қатынас, үйде қару-жарақ ұстау;
-Айналасындағылардан оқшаулау – туысқандарымен және достарымен қарым-қатынас бостандығынан шектеу;
Егер Сіз, немесе Сіздің туысқандарыңыз, таныстарыңыз күш көрсету немесе моральдық зорлыққа ұшырасаңыз, біздің қызметкерлерге жолығыңыз. Сіздің мәселеңіздің оң шешілуіне, Сізге заңдық және моральдық көмек көрсетеді.

Полиция келген соң не істеу керек?
Өзіңізді мүмкіндігінше сабырлы ұстаңыз. Сіздің арызыңыздың қабылдауын талап етіңіз. Егер полиция қызметкерлері одан бас тартса олардың басшыларымен кездесуді талап етіңіз. Арыздың тіркеу нөмерін жазып алыңыз. Полиция қызметкерлерінің аты-жөнін біліп, телефондарын жазып алыңыз. Полиция қызметкерлеріне барлық жарақаттармен зиянды көрсетіңіз. Егер мүмкіндік болса фотоаппаратты қолданыңыз. Өзіңіз алған жарақаттарды және үйге келтірілген зиянды суретке түсіріңіз. Полиция қызметкерлеріне басқа да жәбірлену фактілері туралы айтып беріңіз. Полицияға куәлар туралы да айтыңыз. Олардың аты-жөні, мекенжайы туралы айтқаныңыз құптарлық. Егер сіз өз отбасыңыздың жағдайды өзгерткіңіз келсе, «Балалар мен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы сізге психологиялық көмек көрсетіп заңгерден кеңес алуға көмек береді».

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМШЕСІ
27 тамыз 2020 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031