» » Министр:42500 теңгені алғаны үшін ешкімді тексермейміз

Министр:42500 теңгені алғаны үшін ешкімді тексермейміз

Соңғы төрт-бес күн бойы қоғамда 42500 теңгені алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады деген пікір көп тарады.

Бірде бір адам 42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

Министр соңғы төрт-бес күн бойы қоғамда 42500 теңгені алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады деген әңгіме көп таралып жатқанын айтты. Оған БАҚ беттерінде жарық көрген заңгерлердің мақалалары түрткі болған.

"Заңгерлер мен адвокаттар қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талқылап, соны 42 500 теңгемен байланыстырған. Олар "министр Нұрымбетовтің ешкімді тексеріп жатпаймыз" деген сөзін жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәлімет беруі мүмкін деп жазған. Бірде бір адам 42 500 теңгені алғаны үшін, тіпті жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ, осыған нүкте қояйық", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Ол министрлік неге ешкімді тексермейтінін түсіндірді.

"Өйткені бұл ақша әлеуметтік бағытталған төлем. Бізде басым халықтың табысы аз, жалақысы төмен. Зейнетақы мен жәрдемақысы көп емес. Сондықтан көпшілік осы төлемді алсам ба деген. Сол себепті бұған дейін айтқанымдай, біз жаппай ешкімді тексеріп жатпаймыз. Ешкім үй үйді араламайды. Еш нәрсеге уайымдамаңыздар. Төленді ме, алыңыздар да, қажетіңізге жаратыңыз", - деді министр.

20 сәуір 2020 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031