» » Қазақстандық спортшылар допинг бойынша қылмыстық жазаға тартылмайды

Қазақстандық спортшылар допинг бойынша қылмыстық жазаға тартылмайды


Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда спортшылар допинг үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева айтты.



"Допинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды. Бас прокуратура былтыр біздің ұсынымызды қабылдамаған еді. Қазіргі жаңа заңнамада енді әкімшілік жауапкершілік қана қарастырылады. Яғни спорттық атағынан айыру, баспанасын қайта тартып алу, ұлттық команда құрамынан алып тастау, жарыстардан шеттету, ақшалай өтемақыны қайтару жазалары қолданылады", - дейді Раухан Тоғымбаева.
"Допинг қолданғаны үшін спортшы ғана емес, мамандардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Яғни спортшының допинг қолдануына жол берген медициналық қызметкерлер мен бапкерлер де жазадан тыс қалмайды. Сондай-ақ, спортшының 10 жыл бойы баспананы өз атына жаздыра алмайтыны айтылады. Себебі допинг сынамалары 10 жыл сақталады", - деп түсіндірді Раухан Тоғымбаева.
Бірақ баспасөз хатшысы қазіргі заңнамада баспананы қайта тартып алу, ақшалай сыйақы мен спорттық атақтарды қайтару мәселесінің қарастырылмағанын айтты.Бұдан бөлек, қазіргі ұсынылып отырған заңнамада допингпен ұсталған спортшының 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтіні айтылады.
Baq.kz
23 қазан 2018 ж. 960 1

EllSink от 11 желтоқсан 2018 20:03
Levitra Che Si Scioglie In Bocca 40 mg levitra pills on line for sale Pfizer Brand Viagra 100mg

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 196

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 147

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930