42500 теңгені алғандарға екінші рет төлемақы төленеді

"Мемлекет басшысы ТЖ режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын айтты. Бастапқыда 42 500 - төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға төленетін ай сайынғы төлем сомасы деп айтылды. Яғни, ТЖ ұзартылған жағдайда келесі айда адамдар екінші сома алады. Оған үміткер болу үшін жеке өтініш берудің қажеті жоқ. Қазір өтініш беріп, төлемақы алған адамдар да алады", - деді вице-министр.
Төтенше жағдай режимі тек екі аптаға (30 сәуірге дейін) ұзартылғандықтан төлемақы екіге бөлініп беріледі ме әлде азамат бір жарым айға бір жолғы транш алады ма деген сұраққа Мұқышев қазір бұл мәселе жан-жақты талқыланып жатқанын айтты.
"Мәселені жан-жақты зерттеп жатырмыз. Толық соманы, 42 500 теңгені, төлеуді жоспарлап отырмыз. Қандай жағдай болмасын бәрі белгіленген ереже шеңберінде қабылданады. Барлығы халыққа жеткізіледі", - деген Нариман Мұқышев алғашқы төлем 16 наурыздан 15 сәуірге дейін жүргізілетінін айтты.
Егер азамат 15 сәуірге дейін төлем алуға өтінім берсе, онда ол алғашқы төлемге үміткер болады.