» » КБХ-StartUp – жастар бағдаршамы

КБХ-StartUp – жастар бағдаршамы


Былтыр КБХ-StartUp облыстық жобалар байқауы алғаш тұсауын кесіп, аймақ жастарының бағдаршамы болды. Талай жастың үміті ақталды. Талайы арманына қанат қақты. Қуантарлығы, биыл бұл жоба тағы да жүзеге аспақ. Тәжірибелі стартаперлердің бизнес-идеяны жүзеге асыру, қаржы көзін қарастыруға қатысты берер кеңесі көп. Жаңашылдық идеясы жобаның басынан-ақ көрінуі керек. Ал идея болса, оның жүзеге асырудың жолдары да табылады.
Әріге бармай алдымен КБХ-StartUp не екенін біліп алайық. Бұл – Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша облыс жастарының кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған стартап жобалар байқауы. Ал стартап – дамуымен өсуіне қолдауды қажет ететін жаңадан бастау алып келе жатқан жаңа бизнес жоба немесе жас компания. Сондықтан кез келген стартаптың өзіне тән ерекшелігі болуы тиіс. Ондай ерекшелік оның қайталанбастығы. Жоба қандай пайда әкеледі деп отырған боларсыз. Ендеше құлақ түріңіз. Жобаға 16-29 аралығындағы жастар қатыса алады. Мұнда кәсіпкерлік сана қалыптасып, жаңа бастамаға дағдылануға мүмкіндік бар. Әрі беделді кәсіпкерлерден білім алып, бірлесе жұмыс істей алады. Әзірлеген тың идеяға ақшалай сыйақы беріліп, инвесторлық көмек көрсетіледі.
– Жобаның үйлестіру кезеңі барысында облыс бойынша барлық аудандық және қалалық ЖРО-лар қызметкерлері арасынан арнайы маман тағайындалады. Олар жобаның үйлестіру механизмі және бизнес-инкубатор жұмысын жүргізу процессімен танысады. Аталған бағыт бойынша арнайы семинар-тренингтер, лекциялық кездесулер ұйымдастырылады. Жалпы жоба «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қорқыт ата атындаңы Қызылорда мемлекеттік университетімен серіктестікте, – дейді стартап жобасының авторы әрі жетекшісі Жандос Оразмаханов.
Байқау үш кезеңнен тұрады. Startup Weekend – байқаудың І кезеңі. Яғни әр аудандарда өтетін іріктеу. Байқауға қатысушылар өз аймағында 2 күндік тренингтен өтіп, нәтижесінде тәлімгерлер алдында жобаларын қорғайды. Бұл кезеңде жеңімпаз атанғандар 20, 30, 50 мың теңгеден ынталандыру сыйақысын алады. Одан соң Kbh School ІІ кезеңіне жолдама алады. Бұл аймақтардан іріктеліп шыққан қатысушыларға арналған 3 күн ішінде бизнестәлімгерлердің және шақырылған мамандардың көмегімен жас кәсіпкерлерге өздерінің идеяларын дұрыс бағытта жылдам дамытуға көмек беретін іс-шара. Мұндағы үш орынға 70, 100, 130 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Ұйымдастырушылар 3 күннің ішінде жас кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-идеяларын жетілдіруге, жақсартуға, оны қалай жүзеге асырып бастауын түсіндіріп, көмек береді. Ынталандыру қаражаты байқауға қатысқан әр ауданның үздік жобаларына беріледі. Іріктеуден өткен соң үздігі облыстық Demo Day финалдық кезеңіне қатысады. Онда байқау Лауреаттары өздерінің Стартап жобаларын қазылар алқасы мен әлеуетті инвесторлардың алдында қорғайды. Үздік атанған жоба 150, 200, 250 мың теңгені қанжығасына байлап, инвесторлық қолдауға ие болады. Ал инвестор дегеніміз – 1 миллионнан бастап 10 миллионға дейін қаржы беретіндер.
Байқауға қатысу үшін жобаның арнайы сайтына өтініш қалдырып, байқау күнделігі бойынша алғашқы аймақтық кезеңіне қатысуға болады. Ал ауданда 3 тамыз онлайн тренинг өтсе, 6 тамыз байқаудың І кезеңі бойынша жобалар қорғалады.
Айнұр ӘЛИ
31 шілде 2020 ж. 993 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031