» » Медиация – даулы мәселені оңтайлы шешудің балама тәсілі

Медиация – даулы мәселені оңтайлы шешудің балама тәсілі


Медиация сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластыратын рәсім. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан, заңдастырылған.


Көбіне сот шешіміне бір тарап қана қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан істі апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қайта қарауға өтініш береді. Аталған сатылардың әрқайсысының өзінің уақыт мерзіміне байланысты істерді қарауы бірнеше айларға, ал кейбір жағдайларда жылдарға созылып кетеді. Медиация арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді.

Медиатор (бітімгер)-тараптардың дауларын реттеу мақсатында олардың арасында бітісітірушілік рәсімдерді (медиация) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуге болады. Заң жобасының құпиялығы туралы 7, 8 бабы бойынша медияцияға қатысушы тұлғалар бітімгершілік рәсімдер барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың келісімінсіз жария етуге құқығы жоқ. Медиатордың өкілеттілігі туралы заң жобасының 13-бабында медиатор тараптарымен бірлескен немесе жеке кездесулерді өткізуге, қажет болған жағдайда медиатор даудың техникалық аспектілері бойынша сарапшының қортындысын талап етуге құқылы. Бұл ретте тараптар қортындыны алуға байланысты шығындарды өтеуге келісуі тиіс. Егер медиатордың пікірі бойынша бітімгерлік рәсімдерді одан әрі жүргізу, яғни тараптар арасында шешу мүмкін болмаса, медиатор істі жүргізуді тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ, медиатор өзінің функцияларын жүзеге асыруына кедергі болатын мән-жайларды білген жағдайда бұл істен өздігінен бас тарта алады. Медиациялық рәсімді өткізудің уақыты мен күні тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. 22-бап бойынша іс соттың қарауында жүргізіліп жатып, тараптардың келісімімен сот шешімі шыққанға дейінгі уақытта тараптар істі қайтарып алып, медиатордың көмегіне жүгіне алады. 24-бап негізінде бітімгерлік рәсімдер келісімі он күн ішінде аяқталу тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардың өз ара шешімі бойынша бітімгерлік рәсімдерді жүргізу мерзімі отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Міне осындай заң шығарушымен қабылданған Медиация заңының ауқымды қолданылуына құқықтық сауаттылығымызды танытып, құқықтық тұрғыда дау алған мән-жайды медиаторлар ісімен шешкен жөн деп санаймын.

С.Жалгасбаева,
Қармақшы аудандық
сотының бас маманы сот
мәжілісінің хатшысы 
24 маусым 2020 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031