Қызметтегі жолым – ұлағат мектебі іспеттес
qarmaqshy-tany.kz «Ер елсіз, ел ерсіз болмайды» дегендей, сонау ерте заманнан-ақ Ер елсіз, ел ерсіз болмайды» дегендей, сонау ерте заманнан-ақ қазақ қоғамы ел басқаруда ұтқырлық танытып, сыртқы күштерден қазақ қоғамы ел басқаруда ұтқырлық танытып, сыртқы күштерден қорғанып отырған. Даналықтың, көрегенділіктің үлгісін көрсеткен. қорғанып отырған. Даналықтың, көрегенділіктің үлгісін көрсеткен. Ел басқару қай кезеңде де оңай болмаған. Халықтың көңілінен Ел басқару қай кезеңде де оңай болмаған. Халықтың көңілінен шығып, қалтқысыз қызмет еткен адамдарға сол халықтың өзі азашығып, қалтқысыз қызмет еткен адамдарға сол халықтың өзі азамат деп ат қойып, айдар таққан.
Кешегі Кеңес одағы тұсында да, тәуелсіздіктің күрделі жылдарында да елдің тұтқасын берік ұстап, елдің елдігіне қызмет еткен азаматтың бірі – қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Биғали Қаюпов. Айдынды Аралда дүниеге келген ол әуеліде Қызылордадағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық, кейіннен Алматы Халық шаруашылығы институты мен Ресей Федерациясы Президенті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Саналы ғұмырын елдің әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік басқару ісіне арнаған қайраткермен жақында сұқбаттасудың сәті түскен еді.
– Биғали Әбдікерұлы, сіз бірқатар мемлекеттік басқару ісі сатысынан өттіңіз. Атап айтқанда, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің аппарат қызметкері, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының көмекшісі қызметтерін атқардыңыз. Сонымен қатар, Сырдария, Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Арал ауданының әкімі лауазымдарында болдыңыз. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастырубақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» компаниясы президентінің бас кеңесшісі болған кезіңізде де біліктілігіңіз бен біліміңізді дәлелдей білдіңіз. Үш бірдей жоғары оқу орнын бітіргенсіз. Ғылым кандидатысыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сай ландыңыз. Мұны айтып отырған себебіміз – осы үлкен еңбек жолының астарында адам ғұмырына татырлық зор ізденіс, қажырқайрат, төзім, өмір тәжірибесі жатқаны анық. Мұндайда қазақ атамыз адамның шыққан тегіне, алған тәрбиесіне, сусындаған ортасына қарап, тұнықтан маржан тергендей те реңге бойлап кететіні бар.
– Әкем Әбдікер елге сыйлықұрметті азамат болды. Өмірі қиыншылыққа толы болса да, еңсесін тік ұстап, балаларына әкелік тәрбиесін бере білген кісі. Анам екеуі 66 жыл тату-тәтті де бақытты өмір кешті. Бір-біріне «сен» дегенін көргеніміз жоқ. Ашаршылықтың зұлматын, Ұлы Отан соғысының қиян-кескі майданын көрсе де, оған мойымай ел басқару ісіне араласқан. Мінезі сабырлы, салмақты еді. Қамбаштағы «Қамыстыбас» зауытының директоры болды. Кейін Аралға қоныс аудағанымызда сондағы №14 орыс орта мектебінде білім алдым. Ауданнан шалғай жатқан «Ұялы» елді мекеніндегі 8 жылдық мектепте мұғалім болып еңбек жолымды бастадым. Менің қызмет сатысында қалыптасуыма Орталық комсомол комитетінің ықпалы зор болды. Онда көптеген азаматтармен араласып, тәжірибе жинақтадым. Идеология деген аса маңызды дүние болғандықтан жастардың елге танылуына, жарқырауына септігімізді тигіздік. 1982 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Саттар Имашевтың көмекшісі қызметіне тағайындалдым. Ол сондай білімдар азамат болатын. Мұнан соң оның орнына Байкен Әшімов келіп, соның көмекшісі болдым. Бәкең ағамыз байсалды, қай істі де байыппен шешетін ерекше жан болатын. Ол кісінің мектебінен үйренгенім, алғаным көп болды.
1985 жылы Сырдария аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалдым. Жергілікті халықтың тұрмыс салтын жақсарту, шаруашылықты дамыту, құс фабрикасының жұмысын жүйелендіру секілді бірқатар алдымызға мақсат қойдық. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан сатып алынып, күріш өнімінің шығымына барынша күш салынды. Жылыжай салынып, одан алынған өнімдер тұтынушыларға ұсынылды. 36 жасымда Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне бардым. Сол уақыттарда алғашында күріштің әр гектарынан 53-55 центнерден өнім жиналса, кейіндері ол тіпті 60-65 центнерге дейін өсім берді. Аудан республика көлемінде алғашқы орыннан көрінді. Бұл сол кездегі барша диқан қауымның ерте көктемнен бастап, күздің қоңыр салқынына дейін дала төсінде аянбай тер төккен еңбегінің арқасы дер едім. Егемендіктің бастапқы жылдарындағы ахуал бәрімізге белгілі. Дағдарған қоғам, қайда бағыт ұстарын білмеген ел. Осындай қиыншылығы мен кедергісі аяқ алып жүре алмайтын кезде Аралға әкім болдым. Туған топырағыма қызмет етудің жөні тіпті де бөлек болатын. Мемлекеттік мекемелердің көбісінің есігіне қара құлып түсіп, жұмысын тоқтатты. Жекешелендіру жүріп жатқан кез. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге өту оңай болды деп айта алмаймын. Бәрі де жаңаша өріс алған. Аралдың экологиялық мәселесі, теңіз табанының тартылып қалуы, еңбеккерлердің жалақысы мен зейнетақының айлап төленбейтін кезі. Әсіресе, Арал қасіретінің мәселесін шешуде мемлекеттік заң қабылдау керек болды. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңның қабылдануына қатысып, атсалысқанымызды да айта кеткен жөн болар.
– Осы ретте, сіздің Отанымыз үшін аса маңызды саналатын мемлекеттік ісшаралардың қабылдануына қатысқаныңызды білеміз?
– Иә, еліміз тәуелсіздік алған 1990-1993 жылдарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болдым. Егемендігіміздің еңсесін биіктеткен еліміздің декларациясын, Конституциясын, Елтаңбасы мен Әнұранының қабылдануына қатысқанымды мақтаныш етемін. 1995-1999 жылдары мемлекеттің Парламент Сенатына сайландым. Мұнда да тарихи шешім болған – 1996 жылы Алматыны Ақмолаға көшіру туралы мәселе қозғалғанда, онда менің де қолтаңбамның болғанына қуанамын. 1999-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінде қызмет етсем, одан соң аймақта мұнай, газ өнеркәсібінің қанат жаюына үлесімізді қостық.
– Еңбек жолыңызда 20072011 жылдар аралығы Қармақшы ауданына әкім болып келуіңізбен таңбаланды?
– 2007 жылы ақпанда Астанадан Мұхтар Құл-Мұхаммед облыс әкімі болып тағайындалып келді, мен де сол елордадан Қармақшы ауданына әкім болып келдім. Сол кезде Байқоңырдан ұшқан Протон зымыран-тасығышы ғарыштан аудан аумағына (Жаңақала, Қуаңдария) құлап, екі мемлекет арасында талас-тартыс туып жатқан. Ауаға гептил деген өте улы зат тарап, халықтың шулағанын өздеріңіз де ұмытпаған боларсыздар. Протонның түскен жерін көргенде, үлкен апан, құлық сияқты көрінді. Далада мал өлім-жітімге ұшырады. Айтарым, сонда облыс басшысы да, мен де республика көлемінде ғана емес, Ресейлік баспасөз беттерінде осы мәселені айтуға тура келді. Біз осы жұмысты Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыш айлағына қатысты жасалған көптеген келісім-шарттарды қайта қаратып, Байқоңыр қаласының басшылығымен жаңаша жұмыс істеуді бастадық. Сонда байқағаным, ауданның кадрлары өте сауатты, ұлттық және орыс тілінде тең-қатар Ресейдің мамандарымен келіссөздер жүргізіп жатты.
Одан бөлек, Үкімет тарапынан едәуір қаржы бөлініп, Байқоңырдан 1200 орындық қазақ орта мектебі, 280 орындық балабақша, перзентхана салынды. Ауданда да ғимараттар бой көтеріп, тұрғындарға тарту етілді. Өңірдің басты бренді есептелетін ақ күрішін өндіріп, жинауда да алдыңғы орыннан көрінді. Биыл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отырса, біз келесі 2008 жылы 80 жылдық мерейтойын атқарған болатынбыз. Оған Ресейден, басқа да облыстардан, аймақтың аудандарынан қонақтар шақырдық. Енді ауданның ерекше болатыны (өз ойым) – қалған 6 ауданның орталықтары жер-су, өсімдіктердің атымен аталса, Қармақшы ауданының тарихи тұлғаның есімімен қойылуы. Жалпы тарихта бар, Қармақшы әулие Арқа, Жезқазған жағынан келіп мынау Сырдария мен Қараөзектің түйіскен жерінде жергілікті халыққа балық аулауды үйреткен. Ол кісі 1630 жылы туып, 1710 жылы қайтыс болды деп айтылады деректерде. Жосалы кентінде сексеуілді қорымда жерленген. Халық келіп зиярат етіп, дұға оқып тұрады. Қазір көше, мектептерді адамның атымен атап жатады ғой. Ол кезде қариялардың айтуынша, халыққа жақсылық жасап, оны аштықтан, ашаршылықтан аман алып қалғаны үшін Қармақшы атаның есімін беріп, Қармақшы болдық дейді. Ол кісінің ұрпақтары облыста көп тараған. Найман тайпасының Балықшы руынан. Сондықтан Қармақшы жер атауынан бастап, түбі бір түркі дүниесінің ортақ абызы атанған Қорқыт атаның мәңгілік тыныстаған жері. Үш жүзге пір болған Марал ишанның, тоқсан түйе томарға күймеген ер Сейтпенбеттің, талай-талай жыраулар мен ақын-жазушылардың жері. Сол себепті де қасиетті мекен деп атаймыз. Көпұлтты халық тұрады. Мен қызметке келген жылдары экономиканы көтеру, әсіресе ауыл шаруашылығы ауырлау болды. Су жетпей атты. Жер даулары болды. Бұрынғы күріштер аза бастаған. Ресейден Янтарь, Лидер атты күріш сорттарын әкеліп, жерсіндірдік. «Жаңажол» шаруашылығының директоры Қылышбек Әбішов деген азамат болды. Сол кісі батыл ісқимыл жасаса, басқа шаруашылықтар да осындай жаңалықтар жасап жатты. Соның бәрі есімізде. Мысалы аудан Байқоңыр қаласының тұрғындарын ет, сүт, күріш, жеміс-жидек, баубақша дақылдарымен жыл он екі ай қамтамасыз етіп отырды. Аудан өте бір ерекше, кадрлары да өсіп, республика көлемінде жұмыс істеп жатқан азаматтары бар.
– Бірнеше ауданды басқардыңыз. Соның ішінде Қармақшы ауданы сізге несімен айрықша әсер қалдырды?
– Жалпы, басқа республикаларда Байқоңыр айлағы жоқ. Қаланың аудан әлеуеті мен экономикасының көтерілуіне көп көмегі тиді. Мысалы, 32-34 мәрте ғарышқа ракета ұшырылса, соның бірнешеуінде ғана адам бар да, қалғаны спутниктерге керекті заттарды таситындар. Олар көп мөлшерде энергия, су қолданады, сол тұста араласуға тура келді. Екіншіден, ауданның есімде қалғаны, оған дейін 3 ауданда еңбек еттім. Киелі мекенде өзге ұлттардың көп мекен ететіндігі. Үшіншіден, тарихи жағынан қарағанда 100 шайырдың елі. Еңбек пен өнер қатар жүрген әруақ қонғанымен есімде қалды.
Қазақ мың өліп, мың тірілген халық қой. Ат тұяғы баспаған жері жоқ. Сондықтан жерімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, елге сүйіспеншілігімізді арттырып, халықшыл, еңбекшіл, патриот болып жастарды әрі қарай тәрбиелей берсек деп ойлаймын. Еліміздің еңсесі биік болсын. Иә, осы мемлекеттің тірегі, іргетасы ауыл ғой. Сол әрбір ауыл өз бағытында көркейе берсе, еңбектері жана берсе деймін. Оқимын деген жерде оқуға мүмкіндік алса, қайтып келгесін қызметін жасаса деген тілегім бар.
– Қай азаматтың болсын атын да, абыройын да көтеретін жан жары. Отбасындағы бақ пен берекені ұстап, ұйытқысы болатын да әйел қауымы.
– Ер азаматтың басты байлығы – отбасы. Менің де бар байлығым – ұрпағым. Өмірлік серігім Мәншүк елге белгілі қайраткер Қонысбек Қазантаевтың қызы. Өңірімізден тараған ұл-қыздарымызды құтты орнына қондырғанбыз. Олардың бірі туған жерімізді өркендету мақсатында қызмет етіп жүрсе, енді бірі шетелде бизнеспен айналысады. Олардан өрбіген ұрпақ та әжесі екеуміздің көз қуанышымыз.
– Қармақшылықтарға айтар лебізіңіз?
– Ауданның мерейтойы келе жатыр екен. Сондықтан да құрметті қармақшылықтар, ардагерлер, ақ шашты аналар, замандастарым, жастар баршаңызды ауданның мерейтойымен құттықтаймын. Ең бектеріңіз жанып, зор денсаулықта болыңыздар. Әрбір күндеріңіз шуақты да бақытты болып, жылдан-жылға аман-есендікте жете беріңіздер, өне беріңіздер. Елімізде тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрып, осындай тойды бірге атқара берейік!
– Жылы шырайлы әңгімеңізге көп рақмет. Зор денсаулықта болыңыз!
Сұқбатты жүргізген Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК