» » » Көлеңкелі экономикамен күрес күшейтілмек

Көлеңкелі экономикамен күрес күшейтілмек

qarmaqshy-tany.kz Салық – халық қазынасы. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. Қазақстан егемендігін алған сәттен бастап, мемлекеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болған салық саласын нарық кезеңіне бейімдеу мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «Бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екені сөзсіз. Бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керек» деп тапсырма бергені белгілі. Бұл тапсырма да кірістер органдарына үлкен міндет жүктейді. Осы орайда аудандық кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергеновпен тілдескен едік.
– Данияр Жамбылұлы, биыл салық заңнамасында қандай өзгерістер болуда?
– Биыл салық саласында біршама өзгерістер бар. Банкроттық туралы заң қолданысқа еніп жатыр. Сондайақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» ҚР 2023 жылғы 20 наурыздағы №213-VII ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсатында 190 қызмет түрі енгізіліп отыр.

– Мемлекеттік кірістер органындағы цифрландыру бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Қазірде бәрін онлайн түрде жасауға болады. Енді жер, мүлік, көлік салықтарын төлеу үшін салық органдарына барудың еш қажеті жоқ. Себебі, «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын телефоныңызға жүктеп алып, үйде отырып-ақ салықтарды есептеп төлеуге болады. Ол үшін «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеп, тіркеледі. Аталған мобильді қосымшадағы көрсетілетін қызметтерге тоқтала кетсем, қосымшаның негізгі мәзірінде бірқатар электрондық қызметтер бар. «Электрондық салық әмияны» мұнда жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер аталмыш қосымшасының «Салық әмияны» қызметін пайдаланып, салық міндеттемелерін автоматты түрде көруге мүмкіндігі бар. Әмиянды кез келген банктің картасы арқылы деректемелерді көрсетпей-ақ толтыруға болады. Сонымен қатар, қосымшада артық төлемді басқару сервисі іске қосылды. Яғни, бұл сервис бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару немесе банк шотына қайтарып алу арқылы жүзеге асырылады. Қаражат банктік шотқа 5 жұмыс күнінде қайтарылады. «Жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлердің алдағы төлемдер сервисі» бұл азаматтарға оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді. Бұрын салық төлеушіге банкке бару, кезекте тұру, банк комиссиясын төлеу, салықты төлеу үшін көптеген деректемелер мен кодтарды таңдау қажет болатын. «Калькулятор» мәзірінде көлікке салынатын салықты және ЖТС, өсімпұлды есептеуге болады.

Сондай-ақ «Е-Salyk Azamat» қосымшасы арқылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00, 270.00 есептілік нысаны) ұсыну бойынша сервис іске асырылды, яғни декларация тапсыруға міндеттелген азаматтар осы қосымша арқылы мемлекеттік кірістер органына келмей, декларациясын табыс ету мүмкіндігі қарастырылған.

– Ауданда көлеңкелі экономикамен күрес бағытында нақты қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Көлеңкелі экономиканың басым бөлігін бейресми жолмен өндірілетін тауарлар мен заңсыз көрсетілетін қызметтер құрайды, ал қалған бөлігі «жасырын» қызметтерге тиесілі. Атап айтқанда, тіркелместен сауда қызметімен айналысатындар, такси қызметі, мүлікті жалға беру, алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатындар, тағы да басқа түрлері құрайды.

Көлеңкелі экономикамен күрес бағытында басқарма тарапынан жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда. Атап айтқанда, жүргізілген рейдтік тексеру жұмыстары нәтижесінде үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айы аралығында 8 жеке тұлғаның жолаушы тасымалы қызметімен дара кәсіпкер ретінде тіркелместен жұмыс жасағандығы анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне 463-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды.

Бақылау касса машинасының чегін бермеу жалпы көлеңкелі экономика көлемін өсіруге, тиісті салықтардың төленбеуіне, табыстың азайтылуына әкеледі. Осыған байланысты тұтынушыларға чек бермеу фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар барысында тұтынушыға фискалдық чек бермеген жалпы саны – 93, оның ішінде 84 дара кәсіпкерге басқарма тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабы бойынша «ескерту» түріндегі әкімшілік шаралар қолданылса, қалған 9 кәсіпкерге 260 355 теңге айыппұл салынды.

– Салық төлеуден жалтарып жүргендер жайлы не айтасыз? Оларды қандай жаза күтеді?
– Салық төлеуден жалтарып жүргендер жайлы айтар болсақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 31-бабына сәйкес салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салықтық міндеттеме деп танылады, соған орай салық төлеуші мына әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті: кірістер органында тіркеу есебіне тұрады, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді, салықтық нысандарды және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына ұсынады, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын мерзімінде төлейді. Алайда, кірістер органына дара кәсіпкер ретінде тіркелмей және салық төлеуден жалтарып жүргендерге ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік шаралар көзделген. Атап айтар болсақ, кірістер органына дара кәсіпкер ретінде тіркелмей заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандарға соттың шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 463-1 бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаға – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті, ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыруы – ҚР ӘҚБтК-нің 275-1 бабына сәйкес жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқса, салық төлеушілердің салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсетуі ҚР ӘҚБтК-нің 278-1 бабына сәйкес жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған сомасының – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар, заңды және дара кәсіпкерлер қалыптасқан берешектерін мерзімінде өтемеген жағдайда ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 114-127 баптары аралығында мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен шаралары қөзделген. Атап айтқанда, салық төлеуші берешегін өтемеген жағдайда салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама жолданып, аталған хабарламаны орындамаған жағдайда, банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.

– Биылғы жылы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заң қабылданды. Осы туралы не айтасыз?
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы» туралы заң желтоқсан айында қабылданды. Аталған заңның қабылдануына негізі еліміздің әлеуметтік жағдайының нашарлауы, азаматтардың банктер алдындағы берешек сомаларының көбеюі, тұрмыстық әл-ауқатының төмендеуіне әсер етіп отыр. Жалпы аталған заңның мақсаты – азаматтардың борыштық жүктемесін азайту, әлеуметтік шиеленісті жеңілдету, қарыздар бойынша төлем жасауға ынталандыру.

– Биылғы аудандық кірістер басқармасының жоспары қандай? Қандай жаңалықтар күтілуде?
– Аудандық кірістер басқармасының биылға бекітілген негізгі жоспарлары салық төлеушілерге Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық көрсеткіштерін көбейту. Республикалық және жергілікті бюджет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің 2023 жылға бекітілген болжамын толығымен орындалуын қамтамасыз ету және өткен жылмен салыстырғанда түсім қарқынын арттыру. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджеттің кірісін толықтыруда қосымша кіріс көздерін іздестіру. Осы мақсатта заңды және дара кәсіпкерлердің мүлік салығына талдау жасау, мүліктік құны төмен болған жағдайда қайта бағалату жұмыстарын жүргізу, нольдік көрсеткіштермен салық есептілігін тапсырған салық төлеушілерге талдау жүргізіп, салық есептілігін табыспен тапсыруға жұмыстар жүйелі жүргізілетін болады.

Ауыл шаруашылық мақсатында шаруа қожалығын құру үшін, кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін жер учаскелерін алған салық төлеушілерді толық әкімшілендіру.

– Уақыт бөліп, сұқбат бергеніңізге рақмет!
Сұқбаттасқан Ақнұр САҒЫНТАЙ
16 мамыр 2023 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031