» » » Дастан Буханов: «Әкімдерді сайлау – демократияландыруға тағы да бір қадам»

Дастан Буханов: «Әкімдерді сайлау – демократияландыруға тағы да бір қадам»


Сайлауға дайындықтың қалай жүріп жатқаны жөнінде бүгін «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Бухановпен сұхбаттастық.

– Дастан Әбдібекұлы, ауыл әкімдерін сайлау арқылы тұрғындар мықты көшбасшыларды таңдай алады деп ойлайсыз ба?
– Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен  қатар, саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа саяси технологиялар мен әдіс-тәсілдер айналымға енуде.    
«Nur Otan» партияcы Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау науқанына кандидаттарын ұсынып сайлау алды үгіт насихат  жұмыстары басталды.
Сонымен бірге біз, індетпен күрестің жалғасып жатқанын есте ұстай отырып, «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алып,заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік негізде қандай да болсын қиын кезеңде халыққа шын мәнінде сүйеу болатын көшбасшыларды таңдаудың бір мүмкіндігі деп айта аламыз.
Жергілікті мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелі және айқын негізде мықты көшбасшыларды анықтау болып табылады.
Сондықтан бұл еліміз үшін оң өзгеріс алып келеді деген сенімдеміз.
– Кандидаттар қандай азаматтар болуы керек деп есептейсіз?
– Ауылда өскен, ауыл шаруашылығынан хабары бар, ел-жерді білетін, осы Қазақстан деп жүрегі соғатын азаматтар мен азаматшалар керек деп есептеймін. Округке сондай әкім керек.
Қазіргі таңдағы жаңа цифрлық мүмкіндіктерді,  әлеуметтік желілерді халықтың қарқынды қолдануын ескерсек, біздің ұсынған кандидаттар партияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындармен кері байланысты барынша игеретін, халықтың  пікірлерін тыңдау мен санасуға мүдделі азаматтар болуы керек. Сонымен қатар ауыл әкімдерін сайлау науқаны әйел азаматтар мен жастарға және қоғамның басқа да топтарына мол мүмкіндіктер ұсынып отыр.
– Бұл сайлаудан қандай нәтиже күтесіз?
– Адал да бәсекелік негізде өткізу бәріміз үшін маңызды. Жергілікті атқарушы органдар ауыл әкімдерін сайлау арқылы азаматтық қоғамның қалыптасуына, саяси ұйымдардың халықтың жағдайын түсінуіне ықпал етеді. Партиялардың қарқынды жұмысы елдің дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына жүйелі өзгеріс енгізбек. Ең бастысы, әділ, ашық талқылаулар арқылы мәселелердің түйінін шешіп, оң өзгерістерге жол ашылуы тиіс.
Бұл өз кезегінде жетекші партияның саяси белсенділігін арттырып, қоғам талаптарына сай өзгеріп, нақты реформалар жасауға сеп болады. 
– Елде індет өршіп тұрған сәтте сайлау өткізу қажет пе еді?
– Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктіріп, тиісті жұмыстар атқарып келеміз. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылады деген сенімдеміз.
Бұл сайлау науқанының басты ерекшеліктерінің бірі және мұны біз елімізде коронавирус індеті басталғалы халықты қолдау шараларын үзбей жүргізіп келе жатқан партия басшылығының елдің денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қадамы деп білеміз.«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциялары арқылы пандемия барысында азаматтарды қолдаудың барлық шараларын қолға алып, халықтық партия ретінде қоғамды бірлікке жұмылдырып келеді. Ел өмірінің қиын сәттерінде мықты көшбасшыларын тудыратынын ескерсек, саяси науқан барысында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасай алатын, реформаларды жергілікті жерде жүзеге асыратын тұлғалар келеді деген сенім бар. Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз.
Сұқбаттасқан Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 шілде 2021 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031