Жаңа жылда газ қосылмақ

– Біздің мекеме облысты көгілдір отынмен қамту жұмыстарымен айналысады. Негізгі мақсатымыз – халыққа сапалы және қауіпсіз газды жеткізуді ұйымдастырып, ақау болған жерлерді жөндеу. Мысалы, бір көше бойында су құбырлары ауыстырылып жатқанда газ құбырларына зақым келуі мүмкін. Сол кезде біздің мамандар оны қалпына келтіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
– Аудан тұрғындарының көгілдір отынға қолы қашан жетеді?
– Биыл жылдың аяғына дейін мердігер мекеме ауданға келетін үлкен газ құбырына сынақ жасап көруде. Сынақ аяқталған соң "Интергаз Центральная Азия" АҚ қабылдап алып, құбырларға газ жібереді. Келесі жылдың басынан бастап газ қосылады деп жоспарлап отырмыз. – Көгілдір отын берілгенде заңдылыққа сәйкес тиісті құжаттар рәсімделеді. Ең бастысы, техникалық шарт алуы міндетті.
Осы орайда, тұрғындар қандай құжаттар әзірлеуі керек?
– Әрине, газ берілгенде ең бастысы – қауіпсіздік. Сондықтан монтаждау жұмыстарының талаптарға сай болғандығы тексеріліп, техникалық шарт беріледі. Оны біз жүзеге асырамыз. Ол үшін кент тұрғыны жеке куәлік, тұрғын үйдің мемлекеттік актісі, тұрғын үйдің техникалық паспорты, топографиялық түсірлім, газ пештері және жабдықтарының паспорттары, меншік иесінің анықтама құжатын әкеліп, өтініш жазады. Сол арқылы техникалық шарт беріп, тұрғын үйді орталықтандырылған газ жүйесіне қосамыз.
– Газды кіргізу бағасы орта есеппен қанша теңге болады?
– Газ кіргізетін түрлі мекемелер бар. Әрқайсысының бағасы әртүрлі. Газ орнататын үйдің көлеміне қарай газ пеші болады. Оның да бағасы әртүрлі. Сол себепті жеке мекемелер арасындағы бәсекелестік болғандықтан тұтынушы өзі таңдайды.
– Қазіргі таңда «Көгілдір отын беріледі» деген соң қармақшылықтар монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағытта мердігер мекемелер жұмыс істеуде. Оларға қандай талаптар қойылады?
– Мемлекеттік лицензиясы болу, өндірістік қауіпсіздік біліктілігі болу, дәнекерлушінің сертификаты болу және табиғи газды пайдаланушы мекемеге тапсыратын техникалық құжаттама ҚР құрылыс нормасына сай болуы керек. Ал ескертетін жайт, тұрғындар өздігінен газ монтаждау жұмыстарын жүргізе алмайды. Мұндай жауапкершілігі мол жұмыс тек арнайы мамандандырылған мекеме қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Ақнұр САҒЫНТАЙ