» » Көгілдір отын келетін күн жақын

Көгілдір отын келетін күн жақын


ЖОСАЛЫ, 9 маусым – qarmaqshy-tany.kz  Кент тұрғындары үшін биылғы қыс жайлы болмақ. Неге десеңіз, ауданға көгілдір отын келуде. Бұл көпшіліктің қашаннан бергі арманы десек те болады. Газ құбырын жүргізу аудан, кент әкімдігінің басты назарындағы келелі мәселе. Ауданға газ келеді деген хабар жеткелі бері асыға күткен тұрғындар құрылыстың басталғанын көріп, көңілін бірлеуде. Газ құрылысын жүргізу жұмысының карантин уақытында тоқтап қалғаны болмаса, қазіргі уақыттағы жұмыс деңгейі қарқынды. Аудан көлемінде газ орнатуға орай жұмыстар жүргенімен, барша тұрғын толықтай қамтыла ма? 2016 жылы жо- бада болмаған үйлер, яғни жаңа нысандардың жайы қалай болмақ?

Мамандардың айтуынша, кентке газ құбырын жүргізу мақсатында «Энергоресурс» ЖШС-нен 43 адам жұмыспен қамтылып, 12 техника жұмыс істеуде. Газ жүргізу бойынша 6 дана ГРП құрылысы салынуда. Оның ішінде алғашқы 3 аумағы бойынша 58 көшеге газ құбыры толығымен тартылды. Қалған аумақтардың құрылысы жүргізілуде.

– Газ жүргізуді осы жылдың тамызына дейін толық аяқтап, кенттегі барлық тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар жобаға енгізілмей қалған және одан бөлек жобадан тыс қалған үйлерді тексеру мақсатында жұмысшы топ құрылды. Соның нәтижесінде 61 жобаға кіргізілмей қалған үй анықталып, «Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не жобаға енгізуге ұсыныс берілді. Осы жұмыстар барысында «КАТЭК» ЖШС мекемесі тарапынан аталған үйлерді жобаға енгізу жұмыстары жүргізілуде, – дейді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәулет Мақсұтбеков.


Бүгінге дейін 2016 жылы әзірленген кентті газдандыруға арналған жобаға сәйкес жоспарланған 4529 метр жоғары қысымды газ құбыры, ГРП-1 (Мөлтек) бойынша 11569 метр, ГРП-2 бойынша 23976 метр, ГРП-3 бойынша 30232 метр (оның ішінде әуе желісі 1000 метр), ГРП-4 бойынша 7758 метр (оның ішінде 3000 метр әуе желісі), ГРП-5 бойынша 9791 метр газ құбыры жүргізілген. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын таба бермек. Ал қыс бойы көмір іздеп, әуре-сарсаңға түскен тұрғындар биыл газдан үмітті.

– Газ құрылысының басталғанына қуаныштымыз. Жыл сайын күз келгеннен бастап отын, көмірді қамдаймыз. Қыс бойы үзбей от жағып, қайта-қайта күл алу қиындық туды- рушы еді. Енді көгілдір отын қосылатын күн жақын. Бұл жалғыз менің ғана емес, Жоса- лы кенті тұрғындарының қуанышы, – дейді жергілікті тұрғын С.Тынымбаева.

«Қыстың қамын жаз ойла» деген тұрғындар күн суытпай жинаған қаржысына көмір алуға қамданатын. «Газ» десе елең ететін күйге жеттік. Енді міне көпшіліктің тілегі орындалып, көгілдір отынның ауылы алыс емес күнге жетті. Тағы бір ескере кетерлігі, үй ішіне газ орнату үшін ауданда 3 мердігер компания жұмыс істеуде. Тек өзіңізге қолайлысын таңдап, келісім-шартқа отырсаңыз болғаны.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

09 маусым 2020 ж. 1 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031